Орындаған: И(о)-20к студенті: Муйдинова Рауза. Қабылдаған: Черниязова А. Ж



бет1/3
Дата05.06.2023
өлшемі1,45 Mb.
#98725
  1   2   3

Орындаған:И(о)-20к студенті:Муйдинова Рауза.

Қабылдаған:Черниязова А.Ж.

Петропавл-2022ж


БӨЖ:
Тақырыбы: Оқушылардың зерттеу жобалау қызметінде АКТ-ны пайдалану.
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

АКТ-технологияларын жалпы білім беруде пайдалану

  • Бәрімізге белгілі, жыл сайын заманауи қоғам өміріміздің барлық дерлік салаларында дамып, ілгерілеуде. Осылайша, тек сіздің басыңызда сақталмайтын немесе қағазға «қолмен» жазылмайтын үлкен көлемдегі ақпараттың пайда болуына себеп болады. Ақпарат дегеніміз біздің ойымызша , адамдардың ұрпақтан-ұрпаққа, бір-біріне беретін, жаңартып, өңдеп, толықтырып отыратын белгілі бір білім жүгі деп санаймыз. Өз білімін толықтыруға және бар білімін жетілдіруге ұмтылмайтын заманауи адамды елестету мүмкін емес. Себебі, қазіргі кезде ақпарат алудың көптеген көздері бар және ең алдымен, негізгі дереккөз, сонымен қатар қолжетімді және, мүмкін, алмастырылмайтын, бүгінде – ғаламтор болып келеді. Бүкіл әлемдік ғаламтор ғаламдық кеңістікті қамтиды және қазіргі уақытта ең күшті әсер ететін компьютерлік технологиялар барлық адамдарға ақпараттық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
  • Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) – ақпаратты жинау, беру және сақтау әдістері мен тәсілдері, сонымен қатар қазіргі білім беру үдерісі жүйесінде тікелей және кері тәртіпте мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі.
  • Қазіргі заманының әрбір ұстазы кем дегенде қарапайым АКТ дағдыларына ие болуы және оларды тәжірибеде қолдана білуі керек деп ойлаймыз және болашақта өзінің кәсіби қызметінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда білімнің барлық түрлерін меңгеруге ұмтылуы керек. АКТ-ны қолданудағы маңызды құрылғының бірі — компьютер болып табылады, әрбір сыныптап барлық қажетті бағдарламалық қамтамасыз етулер және оған қатысты жабдықтар: проектор, мультимедиялық тақта, колонкалар және т.б. орнатылуы керек. Сабақта АКТ технологияларын пайдалана отырып, мұғалім балалардың ойлауын, есте сақтауын, зейінін, бақылауын, сөйлеуін дамыта алады. Балалар қорытынды жасау үшін ақпаратты пайдалануды үйренеді. АКТ-технологиялары оқуға деген оң ынтаны қалыптастырады, сабақта балалардың белсенділігін арттырады. Балаларға жарқын,ашық, ерекше нәрселер ұнайтындықтан , мультимедиялық презентацияларды, оқу мультфильмдерін, компьютерлік ойындармен қызықтыра аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет