Дәріс 1 Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата12.02.2023
өлшемі480,04 Kb.
#67287
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
дәрістер жинағы (1)



Дәріс 1 
Қазақ тілін оқыту жүйесінің қайнар көздері мен негізгі бастаулары 
 
Адамзат баласының мәдени, рухани кеңістігіне назар аударар болсақ, 
олардың биікке көтерілуінің, бойын түзеуінің, жоғары өрлеуінің басты 
шарты өнер мен білім екенін аңғарасыз. Елдің рухани өркендеуі, 
мәдениетінің биіктігі, ең алдымен, көкірек көзінің ашықтығымен, 
санасының саулығымен, білімділігімен де байланысты. Бүгін халық 
мәдениетінің биік деңгейі, тек ел арасынан шыққан ұлылардың үлкен 
тізімімен ғана анықталмасы анық. Сондай ақ жалпы халықтың
сауаттылығы, таным түсінігінің кеңдігімен де сипатталады. Осы орайда 
қазақ жұртының жалпы сауаттылығының деңгейін анықтайтын мектеп 
медреселердің болуы, олардың ерекшелігі мен басты бағытын анықтаудың 
өзектілігі айқын.
XIX ғасырға дейінгі Қазақ даласында оқу ағарту ісінің қалыптасқан 
белгілі жүйесі болғаны туралы нақтые тарихи дерек жоқтың қасы. Дегенмен, 
қалалы жерлерде оқу ісінің белгілі сипаты болғанын ешкім жоққа шығара 
алмасы анық. Басқасын былай қойғанда, Әбу Насыр әл-Фараби мен Әбу Әли 
ибн Синалардың, М. Қашғари мен Ж. Баласағұнидың, А. Йүгінеки мен А. 
Яссауидың алғашқы білім алған жерлері осы түркілік топырақ екені баршаға 
белгілі. Тақыр жерге шөп шықпайды дегендей бұл ғұламалардың өнген
өскен ортасында білім ошақтары болғаны рас. Бұның үлкен айғағы А. 
Яссауидың даналық мектебінің болуы, оның шәкірттерінің даналық жолды 
жалғастыруы дер едік.
Дей тұрғанмен, он тоғызыншы ғасырға дейінгі болған бірлі жарым білім 
беретін орындар жалпы оқу ағарту жүйесінің құрылымын құрай алған жоқ. 
Бәлкім бұл халықтың әлеуметтік экономикалық, мәдени өмірінің 
кешеуілдеп қалуымен де көшпелілік өмір салтымен де байланысты болар. 
Көшпелілік тұрмыс оқытудың көпшілікке арналған түрінің қалыптасып 
дамуына жағдай жасай алмады. Есесіне халық ауыз әдебиеті, ауызша 
шығаратын ақындық өнер, айтыс өнері, шешендік өнер т.б. барынша 
дамыды. Қазақстанда мектептердің жүйелі түрде ашыла бастауы, орыс 
үкіметінің ықпалымен байланысты.
XVIII - ғасырда Ресей империясының күшейгені, саяси үстемдікке қол 
жеткізу үшін, жан- жақты ықпалды қимылдар жүргізгені тарихтан белгілі. 
Қазақ елін, өзге де түркі тілдес мемлекеттерді отарлық елге айналдыру 
мақсатында саяси, мәдени, экономикалық жағынан жан жақты құрылған 
бағдарламаның негізінде көптеген іргелі әрекеттерді іске асырғаны да 
жсырын емес. Бқл туралы профессор Мекемтас Мырзахметов «Әріптер неге 
өзгерген» деген мақаласында былай деп жазады: «Ұлы дала төсін жайлаған 
қазақ елі мен Түркістан өлкесіндегі түркі тілді халықтарды отарға 
айналдыру және рухани құлдықта ұстау үшін біртіндеп ретіне қарай 
шоқындырып, орыстандыру арқылы бүтіндей бір саяси организмге 
айналдыру саясаты қолға алынып, жолға қойыла басталды» / Түркістанда 
туған ойлар, 1998, 47б./. Ғалым патшалық Ресейдің қазақ арасында қазақ 


орыс мектептерін ашуының, қазақ қыздарын орысша оқытуды алдымен 
қолға алуының басты себептерін нақты ашып көрсетеді. «Өйткені заман 
жағдайына байланысты тез арада арасын ажыратып бөлек ұстау үшін, 
алдымен қазақтарды орыс жазуына көшіру арқылы бір екі ұрпағы алмасса ақ 
болады, оларды көршілерінің діни, мәдени әсерінен аулақтатып, тезірек 
орыстандыра аламыз деп ой түйді» /сонда, 51б./. 
Осылайша, XVIII ғасырдың аяғында, яғни 1986 жылы Омбы қаласында 
ең алғаш тілмаштар даярлайтын мектеп ашылды. Бұл мектептің ашылуының 
өзіндік ішкі қажеттіліктері болғаны да белгілі. Мұның өзі, түптеп келгенде, 
сол кезеңдегі орыс үкіметінің жүргізген саяси бағыттарымен 
байланыстырылады. 1789 жылы дәл осындай тілмаштар мектебі Орынборда 
ашылады.
XIX ғасырдың бірінші жартысынан бастап қазақ бай- манаптарының
ауқатты адамдарының балалары Кадет корпустарына қабылдана бастайды.
Ал 1867 жылы Түркістан өлкесі құрылғаннан кейін орыс үкіметі мен 
жергілікті өкімет орындары да ұлт мектептерінің ашылуына көңіл бөле 
бастайды.
1870 жылы 26 наурызда орыстың оқу Министрлігі Ресейдегі орыс 
емес халықтарды оқыту жөнінде қарар қабылдайды. Осы қарар негізінде 
қазақ арасында көптеген оқу орындары дүниеге келеді. Заң жолының 
ырқымен ашылған мектептердің жалпы басқарылуы мен бағыты әр түрлі
бағытта болған.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет