5.Білім беру жүйесі. Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
6.Жалпы орта білім беру . Ғылым негіздерін білуді талап ететін, қоғамға пайдалы еңбекке қатысуға және жоғары білім алуға қажетті білім мен дағдылар жиынтығы. Орта білім жалпы және арнаулы болып бөлінеді. Жалпы орта білім ежелгі Грекия мен Римде белгілі болғанмен, Батыс Еуропада классикалық мектептер 'XV – XVI ғасырларда ғана орнықты. Ал реалдық білім беретін орта оқу орындары XVIII ғасырда пайда болды. Реалдық училищелерде негізінен жаратылыстану ғылымдары және шет тілдері оқытылды. Жалпы Орта білім саласындағы осы екі бағыт (классикалық және реалдық) XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезінде жаппай етек алды. Қазіргі жалпы орта білім жүйесіне ана тілі, әдебиет, математика, биология, физика, химия, география, тарих, шет тілі, т.б. пәндер кіреді. Арнаулы орта білім жеке бір мамандықты игеруге қажетті ғылымдар негізін, теориялық және практикалық білімдерді, кәсіптік дағдылар мен шеберлікті меңгеруді қамтиды. Қазақстанда, т.б. ТМД елдерінде бірыңғай оқу бағдарламасы, оқу жоспары, ұйымдастыру жүйесімен жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектептер құрылған. Кейбір елдерде (мысалы, АҚШ-та) орта білім әр түрлі типті мектептерде беріледі. Жалпы және арнаулы орта білім жоғары оқу орындарына түсуге құқық береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.Дүйсембекова Шолпан «Педагогика»
2. Шиянов Е.Н. «Жалпы педагогика»
3. «Жас педагог», М.М. Муханов,
4.Кулагина И.Ю. «Педагокика»
Достарыңызбен бөлісу: |