1.Өзара түсіністіктің құрылымы мен механизмдері. Жеке адамаралық қарым-қатынастың пайда болуы және табысты іске асырылуы, егер де қатысушылар арасында өзара түсініктік болғанда ғана мүмкін. Өзара түсіністіктің болуы, бір жағынан, басқаның мақсат-мүддесін, мотивтерін, бағдарын түсіну, екіншіден түсіну ғана емес, сол мүдде, мотивтер, бағдарды қабылдау, бөлісу түрінде көрінеді.
Осы екі жағдайда да қарым-қатынасқа түсушінің басқа адамды қабылдауының маңызы өте зор, яғни қарым-қатынастың үшінші құрамды бөлігі перцептивті жағы туралы айтылып отыр.
Әлеуметтік психологияда әлеуметтік перцепция ұғымы кең мағынада: перцептивті процестердің әлеуметгік детерминантасы.
Мәселеге көңіл аудару қажет. Қабылданатын адамның (субъект) психологиялық жөне әлеуметтік ерекшеліктерін зерттеуге, екіншіден жеке адамаралық бейнелеу механизмдерін талдауында.
Бақылаушының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу әлеуметтік психологияның зерттелінген саласына жатады. Адамдардың бір-бірін қабылдауы мен түсінуінде жеке-даралық, жьшыстық, жас ерекшеліктеріне, кәсіби және жыныстық – рөлде айырмашылықтар бар екені тіркелген. Мәселен, балалар көбіне ересектерге қарағанда сыртқы көрінісі (киімі, шаш қоюы, сыртқы ерекшеліктерге, т б.) көңіл аударады. Мұғалімдер мен оқытушылар өз шәкіртерінің білімге ұмтылуы, тәртіпті, тағы сол сияқты қасиеттеріне көбірек көңіл бөлсе, ал студенттер педагогтардың тіпті басқа қасиеттеріне көңіл аударатыны байқалған. Сол сияқты басшылардың қол астындағыларды қабылдауы мен керісінше қол астындағылардың басшыларды қабылдауы да екі түрлі.
Дегенмен, адамды қабылдауда, негізінен, ол адамның психологиялық ерекшеліктері мен бағдарлары маңызды рөл атқарады. Әсіресе, бұл айтылғандар алғашқы таныстық кезінде байқалады.
Әлеуметтік психологияда қабылданатын объектінің психологиялық қасиеттері зерттеуде дәстүрлі түрде қалыптасқан. Көбінесе, бақыланатын адамның қандай психологиялық және басқа қасиеттері маңызды, оны тануға көбірек мәлімет береді, басқаша айтқанда адамдар қарым-қатынас барысында партнерді бағалауда қай нәрсеге көбірек көңіл бөледі?
Ондай маңызды қасиеттерге бақыланатын адамның бет-бейнесінің қимылы (мимика), сезімдер білдіруі (экспрессия) отырыс-тұрысы, жүруі жатады. Киімі, шаш қойысы және дауыс ерекшеліктері мен сөйлеу мәнері де жатады. Зерттеулерден байқалғганындай, кең таралған, “интернационалды” ым-ишараттармен қатар, белгілі мәдени және ұлттық топтарға тән ым-ишараттар бар.
Сонымен бірге, қабылдаудың табыстылығын қамтамасыз етуге бағытталған әмбебап психологиялық механизмдер болады. Оған әлеументтік перцепция механизмдері жатады. Адамды адамның қабылдауы мен түсінуінің механизмдерін: идентификация, эмпатия, рефлексия, аттракция, атрибуцияны жатқызуға болады.
Идентификация, қазақша «теңестіру», «ұқсастыру» ұғымдарына жақын, яғни өзіңді басқа адаммен теңестіру, өзіңді сол адамның орнына қою. Идентификация басқа адамның құндылықтар нормасы, мінез-құлқы, талғамдары мен дағдылары игеріледі. Әсіресе, жеткіншектік кезеңде оның мәні зор. Көптеген зерттеулерде идентификацияның оған жақын ұғым эмпатиямен тығыз байланысты екені анықталған. Эмпатияны басқа адамды сезіну, оның эмоциялық жағы басым, егер идентификацияда басқаның «проблемасы» «ойналынса», эмпатияда «сезініледі». Екеуіде де басқаның орнына қоя білу көрінеді, бірақ бастапқысында өзін партнермен теңестіру қажет емес, өз пікірі болуы мүмкін, дегенмен басқаның проблемасын сезіну іске асырылады.
Эмпатия-басқаның қуаныш-сүйініштерін дұрыс сезіне білу қасиеті. Қарым-қатынас жасаудағы эмпатияның болуы психолог, педагог, әлеументтік қызметкердің кәсіби маңызды қасиеттерінің бірі.
Осы екі жағдайда да, арадағы қарым-қатынастың іске асырылуы, үшінші жағдайдағы, партнердің «мені» түсінуіне байланысты. Басқаша айтқанда бір-бірін түсіну рефлексия-қарым-қатынасқа түсушінің басқа адам оны қалай қабылдайтынын түсінуі. Ол басқаша қабылдау мен түсінуі ғана емес, басқа «мені» қалай түсінетінін білу, ерекше бір-бірін бейнелеу, яғни «мен» басқаларға қалай көрінемін.
Рефлексияны әлеументтік психологияда зерттегендер: Дж.Холмс, Г.Гибш пен М.Форберг, негізінен диадалдық (екі адамдық) әрекеттесу тұрғысынан қарастырады. Топтың рефлексиялық құрылымын зерттегенде диадалдық әрекеттесумен қатар, топтың ортақ әрекеті және соған байланысты жеке адамаралық қатынастарда пайда болатын рефлексияда күрделене түседі. Өзін-өзі дұрыс түсіну, басқаны дұрыс түсіне білуге үйрету-өте күрделі процесс, оған баулудың бір әдісі-перцептивті біліктілікті жетілдіретін әлеументтік-психологиялық тренингтің түрі. Қабылданатын адамға деген эмоциялық көзқарастардың пайда болу механизмдерін анықтаумен байланысты зерттеу аймағы-аттракция деп аталады. Аттракцияның қазақша мағынасы-тартымдылық дегенге жақын. Аттракция, бір жағынан, қабылдаушы үшін басқа адамның тартымдылығының қалыптасу процесі, екіншіден, осы процесс өнімі, яғни көзқарастардың біршама сапасы. Қарым-қатынастың перцептивті жағын зерттегенде осыны есте тұтқан жөн, себебі бір жағынан, адамдар арасында бір-бірін ұнатушылық, достық сезімдері екіншіден, бұл құбылыстың қарым-қатынастағы маңызы қандай деген мәселелер туындайды. Аттракцияны түрлі деңгейлері анықталған: үнатушылық, достық, сүйіспеншілік. Кеңестік әлеументтік психологияда аттракция көп зерттелінбеген. Қазіргі кезде топтық іс-әрекетте аттракцияны зерттеу қолға алына бастады. Әлеументтік психологияның ерекше саласы-каузалды атрибуция деп аталады. Зерттеушілер Г.Келли, Э.Джонс, К.Дэвис, Д.Кенноуз, Р.Нисбет, Л.Стрикленд. Атрибуцияның аудармасы, телу, есептеу дегенде келеді. Латын тілінен аударғанда «causa» -себеп, яғни каузалды атрибуцияны-себепті телу деп түсінуге болады. Каузалды атрибуция адамдар туралы алынған мәлімет жеткіліксіз болғанда, оның мүмкін әрекеттері мен қасиеттерін тауып, сол объектіге телу жағдайы. Г.Келли атрибуциясының үш түрін қарастырады: жеке тұлғалық атрибуция, объектілік атрибуция және жағдайлық атрибуция. Бақылаушы көбіне жеке тұлғалық атрибуцияны пайдаланады (әрекет себептері сол әрекетті жасаушыға телінеді), ал қатысушы көбіне жағдайлық атрибуцияны (әрекет себептері жағдайларға телінеді). Мұндай жағдайлар, әсіресе табысқа жету мен сәтсіздік себептерін телігенде айқын көрінеді: әрекетке қатысушы сәтсіздік себептерін жағдайлармен байланыстырса, ал сырттан бақылаушы сәтсіздік себебін ең алдымен орындаушыдан көрінеді. Атрибуция құбылысының маңыздылығы көптеген эксперименттік зерттеулерден айқын көрінеді.