Жануарлар дүниесінің дамуында үш түрлі әрекет бар. Олар:
Жануарлардың инстинкті.Инстинкт деп жануарлардың биологиялық өмірінде түқым қуалай отырып, бойына біткен мінезінің пайдалы тума түрін айтады.
Инстинктің мынадай өзіне тән ерекщеліктері бар:
Жануарлардың дағдылары.
Жануарлардың мінез-құлықтарының көптеген формалары тұқым қуалаған емес өз өмірінен, өзінің тәжірибесінен алғаны. Бір әрекеттің қайталана беруінің нәтижесінде бірте-бірте жасалған іс-әрекеттер - дағдылар деп аталады.
Дағды инстинктерге қарағанда өзгермелі, мінез-құлықтың икемді түрі. Сондықтан да, хайуан ортаға тез бейімделіп, көндігіп кете алады. Орыстың атақты аң үйретушісі В.Д. Дуров өз аңдарына кітап оқытты, үй сыпыртты, есеп шығартты, тіпті орамалмен мұрнын сүртуге дейін үйретті. 1919 жылы ұйымдастырылған аңдар бұрышын В.Д. Дуров "шартты рефлекстердің фабрикасы" деп атады. В.Д. Дуров осындай табысқа И.П. Павлов ілімінің нәтижесінде жетті. Өйткені, В.Д. Дуров жануларды жаттықтырып, үйрету үшін әр түрлі сигналдарды шартты рефлекстерді жасады. Мәселен, цирк алаңына келтірілген поезға тышқандар жапа-тармағай міне бастайды. Кішкене көк вагондарға сұр тышқандар, қызыл вагондарға ақ тышқандар кіріп орын алады. Тышқандарды осылайша жаттықтырып, үйрету ісі оларды тамақтандыру арқылы жүргізіледі (сұр тышқандар көк вагонда, ақ тышқандар қызыл вагонда тамақтандырылды). Тамақтандыруды сан рет қайталағаннан кейін вагондардын, бөлгілі бір түрі мен түсіне қарап қоректендіру тышқандарда шартты рефлекстерді қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |