Орындаған: Жұмабек Қазына Рубинштейн


мәтін ТІЛ МЕН СӨЙЛЕУ: 01



бет2/6
Дата19.12.2022
өлшемі1,27 Mb.
#58304
1   2   3   4   5   6
мәтін

ТІЛ МЕН СӨЙЛЕУ:
01
02
03
Дегенмен, сөйлеу жеке-дара құбылыс емес, бұл турасында қазақ ғалымдары:
А. Байтұрсынов өзінің «Тіл-құрал» атты еңбегінде: «Сөйлеу - адамның белгілі бір мәселеге қатысты толық, түсінікті ойын білдіреді» деп пікір білдірген.
Қ. Жұбанов: «Сөйлеген адам өзіне сөйлемейді, басқа біреуге сөйлейді. Мен не деп сөйлесем де, басқа біреуге өзімнің ойымнан хабар беру үшін сөйлеген болам. Сөйлеудегі мақсат - біреудің екінші біреуге өзінің ойын білдіруі».
Ф.Оразбаева мына бір пікірі дәлел: «Сөйлеу, әдетте, тіл дыбыстарынсыз және олардың айтылу, қабылдау үдерістерінен тыс болуы мүмкін емес».
Демек:

Пікірлерді тұжырымдасақ, сөйлеу әрекетінің белгілерін анықтаймыз:

Пікірлерді тұжырымдасақ, сөйлеу әрекетінің белгілерін анықтаймыз:

  • сөйлесім міндетті түрде біреуге бағытталады;
  • жеткізу және қабылдау (ақпараттың мақсаты);
  • тіл заңдарына бағытталады (айтылымдар дұрыс құрылуы қажет; себебі, тыңдаушы сөйлесімнің мағынасын түсінуі керек).

Тілші ғалым Л.М.Шайкенованың еңбегіне сүйенсек, сөйлеу әрекеті - мақсатты бағытталған, белгілі бір социумда қабылданған, қандай да бір сөйлеу жағдаятында адресаты бар сөйленістің айтылуы болып отыр.
Сөйлеу әрекетінің әлеуметтік аспектісін қарастырғанда
тіл тұтынушының қарым-қатынастық құзіреттілігіне назар аударамыз.
Адамдар сөйлеу үдерісінде тыңдаушыға түсінікті болуы үшін тілдің сөздік құрамы мен грамматикасын пайдаланады. Алайда қандай да бір тілде тілдесу сәтті болуы үшін тек сөздік құрам мен грамматиканы біліп қана қою жеткіліксіз. Оның үстіне тіл тұтынушы дәстүрлі лингвистика ережелерімен бірге «жағдаятты грамматиканы», яғни сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы қатынас сипатын, қатынас мақсаты мен басқа факторларың байланысын ескере отырып, сөз саптай алуы керек. Тіл білу/тіл меңгеру


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет