Орындаған: Жұмабек Қазына Рубинштейн


Г.Қ. Қалықова «Жапон тіліндегі сыпайылық категориялары: «өзім және өзге» оппозициясы мақаласынан



бет4/6
Дата19.12.2022
өлшемі1,27 Mb.
#58304
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
КАЗЫНА ДОКУМЕНТ социолингвистика

Г.Қ. Қалықова «Жапон тіліндегі сыпайылық категориялары: «өзім және өзге» оппозициясы мақаласынан

Макина Л.Х., Жақыпбекова Н.К сөйлеудің үш түрлі қызметін атап өтеді:


Сөйлеудің коммуникативтік қызметі
Сөйлеудің сигнификативтік қызметі
Сөйлеудің экспрессивтік қызметі
Сөйлеудің коммуникативтік қызметінің өзі: акпараттық (білім беруде көрінеді); баурағыштық (сөйлеушінің тыңдаушыға деген қатынасын және сезімін жеткізуге көмектеседі (мысалы, оңаша сырласқан шақта адамның даусы монотонды, ал ресми кездесулерде басқаша; ырықты білдіру (тыңдаушының әрекетін сөйлеушінің ниетіне бағындыруды көздейді).

Әлеуметтік лингвистика «тіл/қоғам» мәселелерін зерттейтіндіктен қазіргі таңда тіл меңгерту мәселесі осы сала аясында қарастырылып жүр. Ғалым А.Саденова: «сөйлеу әрекеті – сөйлеу жағдаятын қалыптастырады» деген пікір айтады.

Әлеуметтік лингвистика «тіл/қоғам» мәселелерін зерттейтіндіктен қазіргі таңда тіл меңгерту мәселесі осы сала аясында қарастырылып жүр. Ғалым А.Саденова: «сөйлеу әрекеті – сөйлеу жағдаятын қалыптастырады» деген пікір айтады.


«Сөйлеу жағдаятын тіл меңгертуде қолданудың ерекшелігі қандай?» деген сауал туындайды.
Ерназарова З.Ш.: «Жағдаятқа» анықтама беруде мынадай әртүрлі көрсеткіштер басшылыққа алынады: 1) айнала қоршаған заттар мен құбылыстардың қатысы арқылы анықталатын жағдай; 2) сөйлеу әрекетін дүниеге келтіретін шарттар; 3) сөйлеуші мен объективті құбылыстар арасындағы объективті байланыс; 4) шындықтың жиынтығы.
Сөйлеу жағдаяты сөйлеушінің белгілі білім қоры, тәжірибе түрінде қарым-қатынас жасауға түрткі, уәж болатын шарттары арқылы айқындалады. Сөйлеу жағдаяты белгілі бір уақыт кесіндісіндегі өтпелі, уақытша сипатқа ие болады. Сонымен қатар жалпы қоғамдық өмірмен қалыптасатын тұрақты жағдай да сөйлеу жағдаятын айқындайтын белгінің қатарына жатады.
Тіл үйретудің алғашқы күнінен-ақ қарапайым сұрақ-жауап арқылы инофонды диалогтық сөйлеу жағдайына бейімдеу әдістемелік тұрғыдан тиімді болып табылады.
Жағдаят бұл өз кезегінде диалогқа қатысушылардың тілдік құралдарды аз жұмсай отырып, тақырып бойынша көбірек мәлімет беруге тырысатын ынтасын байқатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет