Орындаған: Жолдасбаева Лаура Тобы: крок-227 практикалық жұмыс


Композиция туралы түсінік. Композициялық бүтіндік. Сюжет және оқиға бүтіндігі



бет5/7
Дата03.02.2023
өлшемі26,45 Kb.
#64961
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лаура (копия)

2. Композиция туралы түсінік. Композициялық бүтіндік. Сюжет және оқиға бүтіндігі.
Композиция – латынша«құрастыра, қиыстыру» деген мағына береді. Бұл көркем шығарманың құрылысы. Композиция тек формаға ғана байланысты ұғым емес, мазмұнмен де тікелей байланысты. Сонымен қатар көркемдік түрлердің орналасуы және ара қатынасы, яғни шығарманың мазмұны мен жанрынан өрбитін туынды құрылысы. Композиция шығарманы біртұтас дүниеге айналдыруға ықпал етеді.
Композиция пішіндік бөлшектерді тұтастырып, идеяға бағындырады. Композиция қағидалары – эстетикалық таным: қорытындысы, олар ақиқаттың тереңде жатқан өзара, байланысын танытады. Композиция өзіндік мазмұнға ие, оның құралдары мен тәсілдері суреттелген құбылысты қайта жаңғыртып, мәнін тереңдетеді.
Композицияның бүтіндік заңының сақталуының нәтижесәінде өнер шығармаларындағы көріністер тұтастай қабылданады. Бүтіндік заңының мәні композицияның тұтастығын көрсетеді. Композициядағы идеялық ой бірнеше өмір көріністерінен құралады. Осы бірнеше көріністер бейнелік, логикалық байланыстар арқылы берілген жағдайда идеялық ой тұтастай қабылданады. Бұл көріністер бір-бірімен байланыспаса идеялық ой тұтастықпен көрушіге жете бермейді.

Сюжет дегеніміз өнер туындысының мазмұнына айналған өмірлік оқиғалардың өзара байланысы, өрбуі, өрістеуі екені даусыз. Бір – бірімен қарым – қатынастағы адам тұлғалары осынау өзекті оқиғалар арнасында, тұтасқан түрлі – түрлі әрекет үстінде, шиеленіскен шытырман күрес, қақтығыс, қарама – қарсылық ішінде қалыптасады.


Сюжетті шығармалардың мазмұнында көбіне күрделі қайшылықтар, өмірлік тартыстар желі тартып жату себебі де соған байланысты.

3.Сюжетке арқау болған оқиғалардың даму кезеңдері: оқиғаның басталуы, шарықтау шегі, шешімі.
Сюжеттің басталуы – оның кіріспесі іспетті мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпестен бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі – ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге мегзеу, дерек, дәйек ретінде ғана қалады. Экспозиция үнемі шығарма басында кездесе бермей, кейде шығарма соңында да беріледі.
Шарықтау шегі – шығармада суреттелген сюжеттік дамудың ең жоғарғы шиеленіс биігіне жеткен тұсы. Бұл тұста образдар да айрықша танылып, адам мінездері жан-жақты ашылады. Шығарма сюжеттің күллі кезеңімен тұтастырып, белгілі бір бүтіндікке әкеліп тұрған композицияның аса жауапты тұсы да – осы.
Шешім – шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі. Суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы қарама-қарсы тай-таластардың, күрделі күрестердің бітуі, түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже, оқиға ға қатысушылардың ең ақырғы хал-күші, күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет