Орындаған: Жуматова Д.,Токпаева Н


Пифагор астрономия жөнінде де көп еңбектенген ғалым. Ол Жерді шар тәрізді деп білген әрі оны әлем кіндігі деп қарайды



бет4/4
Дата09.10.2022
өлшемі12,7 Mb.
#42061
1   2   3   4
Пифагор астрономия жөнінде де көп еңбектенген ғалым. Ол Жерді шар тәрізді деп білген әрі оны әлем кіндігі деп қарайды.
Сонымен қатар ол Күн, Ай және басқа да планеталардың да өз қозғалыстарының заңдылықтарын білу үшін де бүтін сандар мен олардың қатынастарына жүгінеді. Пифагордың пікірінше сандар барлық заттардың, ғарыштың негізі.
Ғарыштың бастамасы деп отырған сандар ғарыш реттілігін, үйлесімділігін көрсетеді. Бұл үйлесімді аспан денелерінің бір сазды дыбысты белгілі бір интервалда шығаруынан білеміз. Бірақ ол дыбыстар үздіксіз шығып тұратындықтан және олардың бізге тұрақты әсер ететіндігінен біз оны қабылдай алмаймыз. әр планета Жерді айнала жүріп өздеріне тән дыбыс шығарады
. Мысалы: Ай дыбысы – биік, ал Сатурн дыбысы – төмен. Осы екі дыбыс қосылғанда үйлесімді мелодия пайда болады.
Геометриялық, асторномиялық және музыкалық заңдылықтардың үнемі бүтін сандар немесе олардың қатынастары арқылы өрнектелуі – пифагоршылардың сандарды асыра бағалап, сандарға табынуға, яғни кие тұтуға әкелді. Геометрия, астрономия, музыка – барлығы да арифметикаға бағынышты болды. Пифагор бірінші болып Эллада жұртына өлшем мен таразыны енгізген; бірінші рет Геспер мен Фосфордың бір жұлдыз екенін дәлелдеген. Сондай-ақ ол - өзінің өмір туралы ой-толғаныстарын «философия» (даналыққа құштарлық) деп атаған тұңғыш кемеңгер. Пифагорды біз тек ғалым, математик деп біледі екенбіз. Алайда, замандастары оны «әулие», «пайғамбар» тұтқан. Пифагор туралы мынадай әзіл – есеп бар: оның замандастарының бірі «Қанша шәкіртің бар?»,- деп сұрапты. Сонда Пифагор: «Менің оқушыларымның жартысы математиканы оқып үйренеді, ширегі музыканы үйренеді, ал 1/7 уақытты үнемі ойланып отырып өткізеді, қалғаны 3 қыз» деп жауап берген.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет