Орындаған: Журымбай Арай Қабылдыған: Иматаева Айгүл


Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын. Тұйық буын –



бет3/3
Дата24.05.2022
өлшемі2,17 Mb.
#35545
түріҚұрамы
1   2   3
Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.
Тұйық буын –дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
Бітеу буын -дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
  • Тасымал -жазып келе жатқанда, сөз жолға сыймай қалса, тұтас бір я бірнеше буынды екінші жолға көшіруді айтамыз.

ЕКПІН
Сөйлем ішіндегі кейбір сөздердің немесе сөз ішіндегі кейбір буын, дыбыстардың басқа тілдік бөліктерден ерекшеленіп, көтеріңкі айтылуы.
Сөз екпіні
Сөз ішіндегі бір буынның көтеріңкі айтылуы 
Ой екпіні 
сөйлем ішіндегі ерекше назар аударылатын сөзді оқшаулап, бөлектеп айту. 
Тіркес екпіні
бірнеше сөздің тіркесе, тізбектеле біртұтас екпінмен бөлектене айтылуы.
Дыбыс екпіні 
сөз ішінде дыбыстың бөлектеніп, көтеріңкі дауыспен немесе созып айтылуы.
Бейүндестік және Үйлестік
Аккомодация (лат. accomodatio бейімделу)— бір сөз ішінде немесе әртектес буыннан құралған сөздерде іргелес орналасқан дауысты 
және дауысссы дыбыстардың, яғни үні мен салдыры әр түрлі фонемалардың, бір-біріне әсер етіп, өзіне ұқсатып айтылуы. 
Ассимиляция 
(лат. assimilatio ықпал) екі дыбыстың айтылуы мен акустикасына қарай бір біріне ықпал ете үндесуі. Дауыстылармен дауыстылар, дауыссыздармен
дауыссыздар үндеседі.
Орфоэпия (гр. 'orthos' – дұрыс, epos – сөз, сөйлеу) – сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылу ережелерінің жиынтығы. 
Орфография және Орфоэпия
Орфография (гр. orfhos – дұрыс, gropho – жазамын) – сөздерді дұрыс жазу ережелерінің жиынтығы және оны қарастыратын тіл білімінің бір саласы
Фонетикалық принцип: сөз бөлшектері қалай айтылса, солай жазылады.
Дәстүрлі принцип:қазақтың байырғы сөздері қалай жазылса қазірде сол қалыптасқан күйінде жазылады
Морфологиялық принцип: күрделі сөз бен сөз тіркестерінің айтылуында олардың бір сыңарының кейбір дыбысы өзгеріске ұшырауы мүмкін, бірақ жазылуда морфологиялық принципке сай түбірлері сақталып жазылады.
Графика — (гр. graphein, тырнау, жазу, салу дегеннен)
1.Жазуда қолданылатын таңбалардың (әріп және тыныс белгілерінін) жиынтығы.
2.Жазу танбалары жүйесі мен тілдін фонетикалық жүйесінің ара қатынасын, байланысын білдіреді.
Орфография дыбыстарды (фонемаларды) әріппен таңбалауды, сөздерді, оның бөлшектерін бірге, бөлек немесе дефис арқылы жазуды, бас әріптердің қолданылуын, тасымал тәртібін белгілейді. 
Графика мен орфографияның арақатынасы
Назараларыңызға
РАХМЕТ!!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет