Инклюзивті оқыту- негізгі принцептері: 1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктермен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету-өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан-жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті бағыт кемтар балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Алматы қаласы Алатау ауданы №152 мектеп-гимназиясының директоры Р.С.Абдикаримованың басшылығымен ерекше білімді қажет ететін оқушыларға арналған сыныптарда баланың дамуына мүмкіндіктер жасалды. Әр сыныптағы балалардың саны – 21. Мектебімізде қазіргі уақытта инклюзивті оқушылармен жеңілдетілген оқу бағдарламасы негізінде 73 мұғалім жұмыс жасайды. Арнайы логопед, дефектолог,тәрбиеші- асистент осы балаларға жылулық пен қамқорлықты сездіріп, ата-аналарымен тығыз байланыста. Әр оқуышының білім алуда өз ерекшеліктері бар. Мәселен әр оқушының эмоционалдық және психикалық таным процестерінің дамуы деңгейі әртүрлі екенін мұғалімдер естен шығармайды.
Қазіргі таңда әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, саналы тәрбие сапалы білім беру, өмір талабы болып табылады. «Бәріне бірдей мүмкіндік», «Сапалы білім - барлығы үшін» деген ұстанымды қолдаймыз. Әрбір ата-ана өз баласын дамуын қалыпты балалар қатарынан көргісі келеді. Инлюзивті білім беруді ,
ата-ана арманын жүзеге асырушы-біздер, ұстаздар.