Орындаған: Керимжанова а тексерген: Азимбаева Г. Е. 2022-2023 Жоспар



бет3/5
Дата02.12.2022
өлшемі40,1 Kb.
#54383
1   2   3   4   5
Байланысты:
элхимсөж2

2.7. Қолданылуы
Сұйық фтор мен фтор оксиді кейбір ракеталарда тотықтырғыш ретінде және 4000-6000 оС жоғары температура алу үшін қолданылады. Балқытқыш шпат CaF2 алюминий өндіруде қолданылады
Хлор тұз қышқылын, хлорлы әк, әр түрлі гипохлориттер мен хлораттар алуға, гексохлоран алуға газдарды, маталарды ағартуға, ас суын тазартуға қолданылады.
Хлорсутек тұз қышқылын, хлоиттер мен хлораттар алуға мақта мата өндірісінде ағартқыш ретінде, калий хлораты сіріңке өндіруде, пиротехникада қолданылады.
Бром әр түрлі дәрілер жасауға, ал күміс бромиді фотографияда қолданылады
Йод көптеген дәрілердің құрамвна кіреді және спирттегі ерітіндісі дезинфекция және қан тоқтатуға қолданылады

ІІ; 2.1. Негізгі бөлім.Элементтерге жалпы сипаттама
Пepиoдтық жүйeнің ceгізінші тoбының нeгізгі тoпшacын acыл гaздap – гeлий, нeoн, apгoн, кpиптoн, кceнoн жәнe paдoн құpaйды. Бұл элeмeнттep өтe төмeн химиялық бeлceнділікпeн cипaттaлaды, бұл oлapды acыл нeмece инepтті гaздap дeп aтayғa нeгіз бoлды. Элементтердің мұндай атауға ие болу себебі олардың атомдарының электрондық қабаттарының құрылысына сай химиялық инерттілік көрсетуіне байланысты. Инертті газдардың атомдарының сырткы энергетикалык деңгейлерінде сегіз электроны бар – ns2np6 (электрондык конфигураңиясы 1s2 болатын гелийден басқа), яғни олар аякталған болып есептеледі. Сондықтан гелий атомының екі электронды конфигурациясы мен бұл топшаның басқа элементтері атомдарының сегіз электронды конфигурациясы өте тұрақты, осыған байланысты асыл газдардың химиялық әрекеттесуге түсуі өте күрделі.
2.2. Табиғатта таралуы
Барлық асыл газдар негізінен атмосферада бір атомды газдар түрінде шоғырланған. Гелийдің массалық үлесі - 4,6-10-4 %, неон - 1,61 • 10-3 %, аргон - 0,9325 %, криптон- 1,08-10-4 %, ксенон - 8-10-6 % және радон - 6-10-18%. Ауаның шамамен 1 % көлемін құрайтын аргонның мөлшері жоғары. Басқа қалған бағалы газдарды құрамына сай сирек элементтер қатарына жатқызуға болады. Радон Rn радийдің радиоактивті ыдырауы нәтижесінде түзіледі және аз мөлшерде уран кендерінде, сонымен қатар минералды суларда (радонды бұлақтарда) болады. Гелий Не ғарыш әлемінде кең тараған (сутектен кейін екінші орынды алады): ғарыш массасының 23 %-ын құрайды. Ол аз мөлшерде табиғи газдың құрамында кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет