Орындаған: Кожина Асель Қабылдаған: Жүнісбеков. Е. Б алматы 2022-2023жж Жоспар


Әбу Наср әл-Фараби әлеуметтануға көзқарастары



бет4/6
Дата07.04.2023
өлшемі138,21 Kb.
#80403
1   2   3   4   5   6
5. Әбу Наср әл-Фараби әлеуметтануға көзқарастары
Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870—950 жж.) еңбектерiнде орта ғасырлық араб философиясында саясат, мемлекет және билiк пен құқық туралы ойлар жан-жақты талқыланды. Саясат, мемлекет және билiк арасындағы айырмашылықтарға көңiл бөлмеген араб философтары бұл ұғымдарды синонимдер ретiнде бағалап саясат пен саяси iлiмнiң басқа варианттарын (нұсқаларын) ұсынды. Саяси мәселелердi қарастыруда араб-мұсылман философиясы көп жағдайда ежелгi грек философиясына, әсiресе Платон, Аристотельдiң көзқарастарына сүйендi. Саясат, олардың көпшiлiгi үшiн өздерi «қайырымды қала» деп ат қойған идеалды мемлекет iстерi туралы ғылым болып саналды. Мұндай қалалар ретiнде олар бiрге тұрған, мақсаттары бiр, бiр басшылыққа бағынған шағын қауымнан бастап Араб халифатына дейiнгi адамдар қауымдастығын түсiндi. Грек дәстүрлерiн мұсылманның саяси өмiрiмен байланыстыру араб-мұсылман философиясының барлық тармағында өз белгiсiн қалдырды.

Араб саяси философиясының атасы атанған әл-Фараби саяси теория қайырымды басқаруды сақтау мен оны ұйымдастырудың тәсiлдерiн, қала тұрғындарына қайырымдылық пен игiлiктiң қалай келетiндiгiн және бұл нәтижеге қандай жолмен жетуге болатындығын оқытып үйретедi деп атап көрсеттi. Өзiнiң саяси көзқарастарын ол «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекеттiк билеушiнiң нақыл сөздерi» және «Азаматтық саясат» трактаттарында кеңiрек баяндайды.

«Бақыт — әрбiр адам ұмтылатын ұлы мақсат» екендiгiн атап көрсеткен әл-Фараби бақытқа бiлiм мен игiлiк нәтижесiнде ғана жетуге болады, ал ондай мүмкiндiк қайырымды қала тұрғындарында көбiрек болатындығын дәлелдейдi. Әл-Фараби басқаруды қайырлы және қайырсыз деп екіге бөлді. Қайырлы, білімді, мәдениетті басқару халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады. Сондықтан ол надан адам басқарған, озбырлыққа суйенген, қайырымсыз, қатал мемлекеттік тәртіпті өткір сынайды. Ол мінсіз мемлекетті уағыздайды.

«Бақытқа жету» еңбегiнде ол «бақыт дегенiмiз игiлiктердiң iшiндегi ең қадiрлiсi, ең үлкенi және ең жетiлгенi» деп атап көрсетедi және әр адамның оған толық құқығы бар дейдi. Ал ондай құқыққа ие болуға қайырымды қала тұрғындарының ғана мүмкiндiгi бар, сондықтан да қайырымды билеушiлер билеген қала тұрғындары ғана бақытқа жете алатындығын айтады. Мұндай қалалардың басқа қалалардан басты айырмашылығы және негiзгi белгiсi жоғары тәртiп пен оның тұрғындарының мәдениеттiлiгi, сыпайыгершiлiгi және билеушiлерiнiң қайырымдылығы, ақыл-парасаты. Сондықтан, әл-Фараби бұндай қалалардың өмiр сүруi өзiнiң бiлгiрлiгi мен ұстамдылығына толық жауап бере алатын билеушiге тiкелей байланысты деп тұжы-рымдайды.

Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы» трактатында қала тұрғындарын бес топқа бөледi. Оның ойынша, «қайырымды қала бес түрлi адамдар тобынан құралады: ең құрметтi адамдардан, шешендерден, өлшеушiлерден, жауынгерлерден және байлардан». Әл-Фараби ең құрметтi адамдарға ақылдыларды, пайымдағыш адамдарды, маңызды iстерде беделге ие болғандарды жатқызады. Екiншi топтағы шешендерге — дiни қызметкерлердi, ақындарды, музыканттарды, хатшыларды сол сияқты шығармашылық жұмыспен айналысатындарды, ал өлшеушiлерге-есепшiлердi, дәрiгерлердi, астрологтарды, математиканы оқытушыларды қосады. Әл-Фараби бойынша, байлар дегенiмiз — қалада байлық табатын-дар, егiншiлер, мал өсiрушiлер, саудагерлер, қол өнершiлер.

Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлi қасиет болу керек деп есептейдi. Олар: даналық, асқан пайымдымдылық, сенiмдiлiк, ойлау қабiлетiнiң жоғары болуы, соғыс өнерiн жетiк бiлуi, денсаулығының мықты болуы. «Осының бәрiн өз бойында ұштастыратын адам барлық уақытта кiмге елiктеу керек екенiн, кiмнiң айтқан сөзi мен ақылына құлақ қою керек екенiн көрсететiн үлгi болады. Мұндай адам мемлекеттi өзiнiң қалауынша басқара алады» .








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет