Қорытынды: Ұлы Дала тарихында адамгершілік идеяларымен танымал болған тұлғалардың қатарында еліміздің бірлігінің әділдік пен даналықтың, биік абырой мен адамилықтың қайталанбас нышанына айналған Төле би, Қазыбек би және Әйтеке бидің өнегеге толы өмір өрнектерін атап айту әбден орынды. Үш жүздің басын біріктіріп, халқының қамын ойлаған үш бидің арман тілектері болашақ ұрпағының адалдықта, жақсылықта, бейбіт заманда өмір сүруі десек, олардың бұл мақсаттары көбінесе туындаған дау-дамайды халықтың игілігіне шешуімен айқындалды.
Қорыта айтқанда, Ұлы дала ойшылдарының еңбектерінде айтылған кемеңгерлік ой-пікірлердің өнегелік сипаты, рухани-адамгершілік тереңдігі қазіргі замандағы жоғары оқу орындарында білімденуші студент жастардың тәрбиесіне негіз болатын құндылықтар екендігі сөзсіз. Студент жастардың рухани мәдениеттің жаңғыруын ұлттық әдеби мұраларға деген қызығушылық пен құрмет тұрғысында түсінуі олардың бойында өз халқына деген мақтаныш сезімдерін ұялатады. Жастардың өмірге бейімделуінде, өзінің болашағын болжай алуында, тұлғалық қалыптасуында өзінің құндылығын жоймай келе жатқан Ұлы дала ойшылдарының тағылымы терең тәрбиелік мәнді туындыларының орны ерекше болуы да осыдан.
Ұлы дала ойшылдары туралы айтар болсақ,ең алдымен әлемдік деңгейдегі ғұлама ғалым, тарихи ұлы тұлға – Әбу Насыр әл-Фарабидің есімін айрықша атап айтамыз. Ол өзінің ғылыми еңбектерінде парасаттылық туралы ой толғап, адам деген ардақты атты алып жүруді үлкен бақыт деп есептеп, үлкендердің кішілерге, жастарға беретін тәрбиесін «Үлкендер ұлағаттылығы» деп атаған. Ғалым тәрбиенің мәнін түсіндіруде оның қоғам дамуындағы алатын орнына, ең алдымен адамгершілік тәрбиесіне және жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына байланыстылығын дәлелдеген. Ұлы ойшыл ғалым «ғылым»-«білім»-«тәрбие» деген үш ұғымды философиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан дәйектей отырып, олардың тұлға қалыптастырушылық мәнін айқындаған.«Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Қарабаев Ш. К әлеуметтану негіздері Әбсаттаров Р. Дәкенов М. «Әлеуметтану:өзекті мәселелер» Алматы « Карасай баспасы» 2013 Социология оқулық Алматы 2002