Орындаған: Кожина Асель Қабылдаған: Жүнісбеков. Е. Б алматы 2022-2023жж Жоспар


А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхановтың әлеуметтануға көзқарасы



бет5/6
Дата07.04.2023
өлшемі138,21 Kb.
#80403
1   2   3   4   5   6
6.А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейхановтың әлеуметтануға көзқарасы.



Ғасырлар тоғысында және XX ғасырдың бірінші жартысында ұлттық-демократиялық бағыт ұстанған қазақ зиялылары шықты. М. Дулатов, М. Шоқаев, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков, X. Досмұхамедов, Ж. Досмұхамедов, X. Ғаппасов, т.б. қоғамдық ғылымда бірегей туындыларымен өшпес із қалдырды.
Олардың әлеуметтік-саяси көзқарастары Алаш қозғалысының көшбасшылары А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхановтың тұжырымдамаларына ұқсас, сабақтас болғандықтан жоғарыда аталған зиялылардың еңбектеріне сараптама жасамай-ақ, А. Байтұрсынов пен Ә. Бөкейхановтың әлеуметтанулық көзқарастарына тоқталуды жөн көрдік.
Қазақ халқының, әсіресе «оқыған азаматтардың тұңғыш көсемі» болған А. Байтұрсыновтың саяси іске араласуы Ресей ішіндегі саяси-әлеуметтік құбылыстармен тікелей байланысты болды: түрлі саяси партиялар мен қозғалыстардың құрылып, олардың қызметтерінің жанданған кезеңіне, бірінші орыс революциясының өршіген тұсына сәйкес келді. Бұл кезеңде ол Қарқаралы қаласында қызмет істейтін еді. Әз халқының мүддесін, болашағын ойлаған А.Байтұрсынов осы кезенде саясатқа белсене араласты. Осы мәселені М.Әуезов «Қаркаралыда тұрғандағы соңғы төрт жыл Ақаңның саясат ісіне белсене кірісіп, жазумен де, ісімен де бой көрсеткен кезі, сол мезгілде 1905 жылдың өзгерісі болған. Қазақтың Мәскеуден келген бірен-саран студенттері, басқа қалаларда оқып жүрген жастары һәм ескіліктен келе жатқан пікірі түзу үлкендердің арасында өзгеріс рухы жайылып, қазақтың елдігін сөйлей бастаған кездері сол мезгіл болатын деп атап көрсетті.
М. Әуезовтің пікірінен А. Байтұрсыновтың саяси көзқарасының қалыптасуы Қарқаралы жерінен бастау алып, патша үкіметі кемсітіп бұратана атаған қазақтардың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауды өзінің негізгі мақсаты еткенін аңғаруға болады. Осы алға қойған мұратын іс-жүзіне асыру үшін халық арасында саяси үгіт-насихат жұмысын жүргізуді қолға алады. Қоянды жәрмеңкесіңде А. Байтұрсынов қазақтан шыққан бірнеше зиялылармен бірге өз халқының атынан патша өкіметіне петиция жолдап, онда қазақ депутаттарының сайлануы, даланы басқару ережесіне өзгерістер жасау, орыс қоныс аударушыларын тоқтату, дінге қысым жасамау, іс қағаздарың қазақ тілінде жүргізу, қазақ балаларына арнап ана тілінде мектептер ашу іспетті тағы да басқа да мәселелерді халықтың маңызды мүддесі ретінде тиянақты шешуді талап етті. Қазақ зиялылары мұнымен шектеліп қалмады. Патша өкіметінің шет аймақтар жөнінде ұстаған саясатын әшкерелеп, сынаған көптеген мақалалар жазды.
А. Байтұрсынов өзінің әлеуметтік-саяси көзқарастарын бірнеше еңбектерінде баяндады, атап айтқанда, «Тағы да народный сот хақында», «Қазақтың өклесі», «Қазақ һәм 4-ші Дума», «Қазақ жерін алу тұрғысындағы низам», «Қазақша оқу жайынан», «Оқу жайы», «Мектеп керектері», «Соғысушы патшалар», «Қазақ халқын билеу туралы 1868 жылы шыққан уақытша положение», «1891 жылы 25-ші мартта шыққан степной положение, яғни осы күнгі положение. Сайлау һәм партия пәлесі», «Осы күнгі соттың тәртібіндегі кемшіліктер» және т.б. Реформатор ретінде демократиялық ой-пікірлерін А. Байтұрсынов оқу ісі, мектеп жұмысымен байланыстырады. Оның пікірінше, мектептің жұмысына қатаң бақылау қою дұрыс емес. Мектеп автономия болып, өзін-өзі басқаруы тиіс. Мектеп басшылары мен ұстаздары жоғарыдан тағайындалмауы, олар дауысқа салу арқылы сайлануы керек. Сонда ғана оқыту мен тәрбие жұмысы демократиялық принциптер негізінде іске асады. Ол бастауыш мектептерде оқу процесін тек ана тілінде жүргізуді талап етті. Ана тілінде оқытуды патша үкіметінің қазақтарды орыстандыру саясатына қарсы қолданылатын құрал, жас буын ұрпақты орыстандырудан аман сақтап қалудың бірден-бір жолы деп бағалады. Мектепті діннен бөлуді ұсынды. Мектептің мемлекеттің идеялық қаруы болудан қалып, тек білім ордасы болуын талап еткен еді. А. Байтұрсынов діни оқулардың кемшіліктерін көрсете келіп, оны оқыған балалардың басым көпшілігі ұзақ оқығанына қарамастан хат танымай кететінін және діни оқудың ғылыми-техникалық прогреске үлес қоса алмайтындығын атап көрсетті.
А. Байтұрсынов қазақ халқына білім мен ғылымның аса қажеттілігін әлеуметтік-экономикалық және техникалық даму мәселелерімен тығыз байланыстыра қарастырады. Ол былай деп жазды: «Неше түрлі ғылым, өнер - бәрі де тіршіліктің ауырлығын азайту үшін, рахатын молайту үшін шығарған нәрселер. Ғылым, өнер артылған сайын дүнияда бейнет кемімекші» [8., 65 б.]
Оқу мәселесін А. Байтұрсынов 1913 жылғы наурыздан бастап, кейін өзі редактор болып шығара бастаған «Қазақ» газетінің бетінде көтеріп отырды. Ресейде қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайды терең сараптаған А. Байтұрсынов оны түнерген бұлттарға теңеп, өз халқын одан аман алып шығудың амалын іздестіретін, жұртқа мұрындық болатын газет ұйымдастыру қажет деген байламға келеді. Оның пікірінше: «Әуелі, газет — халықтың көзі, құлағы һәм тілі. ...Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау, көзі жоқ соқыр секілді. Екінші, газет - жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халыктың алдына түсіп жол көрсетіп, жол сілтеп, басшылық айтып тұрады» [8., 67 б.]. Газеттің алғашқы санынан бастап-ақ бұл басылымда қазақ қоғамында орын алған саяси-әлеуметтік проблемалар және оларды шешудің жолдарын баяндап отырды. Ол қоғам дамуын революциямен іске асыруды мойындамады, керісінше, эволюциялық, реформалық шараларды іске асырумен қоғамның дамуына жету жолдарын қолдады. Халықтың саяси және әлеуметтік еркіндікке жетуі үшін отаршылдыққа қарсы аянбай күресу керектігін айтып, оның қуатты құралын оқу-білімнен көрді. Халықтың мүддесін қорғайтын саяси партия құру қажеттігін түсінді. Сипаты жағынан ұлттық-демократиялық бағыттағы «Алаш» партиясының құрылуына, оның күресінің түпкі мақсаттар мен күрес жолдарын анықтаған бағдарламасын дайындап қабылдануына белсене араласты. Құрылтай съезін (1917ж. 21-26 шілде) ұйымдастыруға қатысты. Ұлт мәселесін жер проблемасымен ұштастырып, қазақтарға тартып алынған құнарлы жерлер қайтарылуы тиістігін дәлелдеді.
Әлихан Бөкейханов Ол Ресейді, оның құрамындағы қазақ қоғамын зерттеп, қоғамдық құбылыстар мен процестерді жан-жақты терең талдап, әлеуметтік және саяси мәні зор тың тұжырымдар жасайды. Бұл мәселелер оның «Қазақ өлкесінің тарихи тағдыры және оның мәдени жетістіктері», «Қазақтар», «Сұлтан Кенесары Қасымов тарихына материалдар», «Би һәм билік», «Далалық өлкенің ортасындағы орыс қоныстары», «Екі жол», «Төртінші Дума һәм қазақ» және т.б. монографиялары мен мақалаларында көкейкесті проблемалар ретінде қарастырылып зерттелді.
1896-1901 жылдары қазақ сахарасының Семей, Ақмола облыстары 12 уезінің жерді пайдалану тәсілдерін зерделеп, қазақ даласына орыс шаруаларының пәрменді түрде қоныс аударуына қажет ғылыми негіз жасап беруге тиіс болған Ф. А. Щербина бастаған экспедиция ұйымдастырылып, Ә. Бөкейханов бастапқыда статист қызметін атқарады, оның зерттеу тобына кейін жетекшілік жасайды.
Экспедиция барысында алуан түрлі деректі материалдар жинады. Үй санын, қора, мал санын есепке алды. Экспедиция өзіне жүктелген міндеттерді біршама орындап шыққаннан соң сонда жиналған құнды материалдарды Ә. Бөкейханов топтастыруға, өңдеуге, оның ғылыми нәтижесін жазуға атсалысады. Есеп беру құжатын дайындауға қатысады. Жер мен өзен-көлдерді қартаға түсіреді. Қазақтардың тіршілік-тынысының негізгі тәсілі болған шаруашылық формаларына жан-жақты сипаттама береді. Бай мәліметтерге жүгіне отырып, ол Омбы, Қарқаралы, Семей, Павлодар өңірлеріндегі тарихи жерлерді картаға белгілейді. Шаруашылық түріне орай қалыптасқан қазақ қауымдастығын зерделей келіп, этностық қалыптасу процесін, тарихи шежіресін, ата қонысын анықтап жазады. Қазақтардың жүргізіп отырған шаруашылығының қаншалықты пайдалы екенін, сонымен бірге жоғарыда айтылған төрт уезге Ресейдің ішкі аймағынан қоныс аударған қара шекпенділердің тыныс-тіршілігін қарастырып, олардың негізгі кәсібі болып отырған егін шаруашылығының өнімсіздігіне көңіл қояды.Экспедициядағы жұмыс Ә. Бөкейхановтың географиялық жағдайы әр түрлі аймақта тұратын қазақтардың әлеуметтік жағдайын жан-жақты, жете білуіне мүмкіндік жасап, патша үкіметінің бұл өлкеде жүргізіп отырған саясатының қазақ халқының мүддесіне сай еместігін әшкерелетеді, сөйтіп ол орыстың қоныстандыру саясатына табанды түрде қарсы тұрады.
1910 жылы Санкт-Петербордан шыққан "Қазіргі мемлекеттердегі ұлттық қозғалыстардың түрлері" деген жинақта "Қазақтар" деп аталатын көлемді еңбегі жарияланды. Бұл еңбегінде казақ қоғамында қалыптасқансаяси-әлеуметтік жағдайдын себептері мен салдарларын, патша өкіметінің ұстаған отаршылдық, қоныс аудару саясатына қазақ халқыныңкөзқарасын, олардың қоныс аударутпы қара шекпенділермен арақатынасын, Алаш қозғалысының алға қойған мұрат-міндеттерін, т.б. маңызды мәселелерді талдап, сипатын, мазмұнын ашады [10].
Ә. Бөкейханов өзінің шығармаларында қазақ мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының заңдылықтары мен тарихи кезеңдерін маңызды әлеуметтік-саяси процесс ретінде қарастырып, қазақтың үш жүзінің патшалық Ресейдің құрамына енуінің мотивтеріне назар аударады. Хан Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысының түпкі мақсатын, оның әлеуметтік-саяси маңызын, жеңілу себептерін қарастырып, одан тағылым алады. Кенесары хан көтерілісінің сәтсіздігі Әлиханды өз халқын еркіндік пен тендікке жеткізетін күрестің жаңа жолдарын, әдіс-тәсілдерін іздестіруге септігін тигізді. Нәтижесінде ол күрестің екі жолын анықтайды: оның біріншісі - саяси күрестің бейбіт жолы саналатын парламенттік күрес әдісі еді. Екіншісі- дамыған халықтардың мәдениетін қабылдау жолы. Соның негізінде қазақ халқының өнері мен білімін дамыту, ұлттық жоне саяси санасын қалыптастыру еді. "Қазақтың ұлт болып еркениетті ел қатарлы өмір сүруі үшін, - дейді ол, - ең алдымен, халықтың сана-сезімін оятатын жағдай тудыру керек, қазақтың ұлттық тілін, әдебиетін өрістету керек. Өз әдебиетін қалыптастыруда табысқа жеткен халық қана азат өмір сүре алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет