Орындаған: Махамадияева Балнұр Тобы: ия нк 22-4



Дата26.03.2023
өлшемі444,51 Kb.
#76173
түріОқулық

Стандарт,Оқу жоспары,типтік,силлабус, авторлық бағдарламалар, оқулықтар және оларға қойылатын талаптар.

Орындаған:Махамадияева Балнұр

Тобы:ИЯ НК 22-4


АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Білім берудің мемлекеттік стандарттары – білім саласындағы

Білім берудің мемлекеттік стандарттары – білім саласындағы

басқарудың нормативтік базасы

Сапаның талап етілетін ұғымы жəне оның сипаттамала-

ры нормативтік құжаттарда көрсетілген.

Оқу жоспары

  • оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін, оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін, әрбір оқу жылы /сыныптар/ бойынша оқу тәртібін және ретін, әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат. Мемлекеттік базистік оқу жоспарында міндетті оқылатын қазақ тілі,оқу және тіл дамыту, екінші тіл - орыс тілі, матема-тика, дүниетану, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене шыныңтыру, музыка пәндері бар

Оқу бағдарламалары

Оқу бағдарламалары

  • оқу жоспары негізінде құрастырылады. Жалпы білім беретін мектептегі оқу пәнінің бағдарламасы – оқушылар меңгеруі тиіс негізгі білім, іскерлік, дағдылардың көлемі белгіленген мемлекеттік құжат.

Бағдарламаның түрлері:

Бағдарламаның бөліктері:

  • 1) пәнді оқудағы мақсат, оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларына қойылатын негізгі талаптар, оқыту нысандары және әдістері туралы жазылған түсінік хат;
  • 2) зерделенетін материалдың тақырыбы, оның мазмұны;
  • 3) жекелеген сұрақтарды оқуға керекті шамамен берілген уақыт;
  • 4) мазмұнның негізгі бөліктерінің тізімі;
  • 5) пәнаралық байланысты жүзеге асыруға берілген нұсқаулар;
  • 6) оқу жабдықтарының және көрнекі құралдардың тізімі;
  • 7) ұсынылатын әдебиеттер.

Бағдарламаның қызметі

Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары.

Оқу процесінің мазмұнындағы және оны ұйымдастырудағы маңызды элемент мектеп оқулықтары.

Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Оның мазмұны, құрылысы міндетті түрде сол пәннің бағдарламасына сәйкес келу керек. Оқулық ғылым негіздерін баяндаумен қатар оқу материалын түсінуге керекті өздік жұмыстарды ұйымдастырып, оқуға үйретеді.

Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:

  • қысқа, нақты, деректі материалдарды енгізілуі;
  • ақиқат ғылымның мазмұнын баяндауы;
  • балаларға түсініктілігі;
  • баланың қызығушылықтарын, қабылдауын, ақыл-ойының, есінің ерекшеліктерін ескеріп, танымға, тәжірибеге деген қызығушылықты оятып, білімге және тәжірибелік іс-әрекетке деген сұранысты дамытуы;
  • оқулықтың өз ғылымның, оқу бағдарламасының логикасына сәйкес келуі;
  • білімнің әр саласынан хабар беруі;
  • оқу материалына қосымша әдебиеттер енгізіп, өздігінен білім алуға және шығармашылыққа итермелеуі;
  • оқулық мәтініндегі негізгі ережелер, қорытындылардың анықтығы және нақтылығы болу керек;
  • қызықтылығы, мәселелі түрде баяндалуы;
  • әдеби тіл нормаларына сәйкестігі;
  • эстетикалық талаптарға сай безендірілуі.

Қорытынды

  • оқу пәндерінің бағдарламалары және оқулықтары білім мазмұнындағы маңызды элементтер. Олар оқыту процесін ұйымдастырудың да маңызды бөлігі болып табылады. Бағдарламалар мен оқулықтарда оқушыларға берілу керек білім, іскерлік, дағдылардың мөлшері белгіленген.Оларды меңгеру баланың жеке тұлғасын қалыптастырады.
  • 1990-1995 жылдарда еліміздегі бастауыш мектептер үшін бірінші буын оқулық жазылып, 1995-1996 оқу жылдарында республика мектептерінің бастауыш сыныптары толығымен республикалық оқулықтарға көшірілді.
  • І-ІV сыныптар үшін математика (Авторлары: Т.Қ.Оспанов, Ш.Х.Құрманалина, К.Ерешова, т.б.) басқада оқу құралдары жарық көрді.
  • Сонымен қатар 5-11 сыныптардағы тіл және әдебиет курстары 2-3 рет толық өңдеуден өткізілді. Мектептер үшін 90 жаңа оқулық пен 300-ге жуық әдістемелік басшылық әзірленген және оның көбі баспадан шығарылды.

РАХМЕТ!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет