Орындаған Мәдениет Мадияр инф 203 группа Заңсыз кәсіпкерлік және жалған кәсіпкерлік



бет3/10
Дата26.04.2023
өлшемі56,95 Kb.
#87081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Орындаған Мәдениет Мадияр инф 203 группа

Заңсыз банктік қызмет (191-бап)
Ақша-несие жүйесіндегі қылмыстылық экономика саласындағы қылмыстардың ең қауіпті түрі болып отыр. Бұл қылмыс заңсыз кәсіпкерліктің ерекше бір көрінісі болып табылады. Қылмыстық заңда «Банктік қызметті тіркеуден өткізбей немесе рұқсат алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру, егер осы әрекет азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен ұштасқан іс-әрекеттер заңсыз банктік қызмет деп белгіленген». Қылмыстың объектісі ақша-несие жүйесіндегі заңмен белгіленген қоғамдық қатынастарға қол сұғу болып табылады. Объективтік жағынан қылмыс құрамы мынадай бірнеше, жеке дара әрекеттермен сипатталады: банктік қызметті (банктік операцияларды) тіркеуден өткізбеу; міндетті рұқсат (лицензия) алуды сақтамау; банктік қызметті лицензия шарттарын бұзып жүзеге асыру; көрсетілген әрекеттер ұйымға, мемлекетке ірі зиян келтіру немесе ірі мөлшерде табыс алумен байланысты болуы болып табылады. Банктік қызметті лицензиясыз жүргізу, тіркеуден өткізбеу заңсыз әрекет деп танылады. Міндетті лицензия алуды сақтамау деп арнаулы заңда көрсетілген осы талаптарды сақтамау саналады. Лицензия шарттарын бұзуға осында рұқсат етілген банктік қызметті істемей басқа қызметпен шұғылдану әрекеттері танылады. Субъективтік жағынан қылмыс кінәлының қасақана нысаны арқылы жүзеге асырылады. Бұл жерде қасақаналықтың тікелей немесе жанама түрі де орын алады.
Жалған кәсіпкерлік (192-бап)
Қылмыстық кодекстің 192-бабында «Жалған кәсіпкерлік, яғни кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсаты бар азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірген коммерциялық ұйым құру-жалған кәсіпкерлік» деп белгіленген. Қылмыстың тікелей объектісі кәсіпкерлік немесе басқа да коммерциялық әрекетті реттейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қылмыстық жауаптылықтың басты шарты-азаматтың, ұйымның немесе мемлекеттің құқықтары мен мүдделеріне зиян келтіру болып табылады. Объективтік жағынан осы бапта көрсетілген қылмыс құрамы: кәсіпкерлік немесе банктік қызметті жүзеге асыру ниетінсіз, несие алу, салық төлеуден босатылу, өзге де мүліктік пайда алу немесе тыйым салынған қызметті жасыру мақсатымен заңда белгіленген зардапты келтіре отырып коммерциялық ұйым құру әрекеті арқылы сипатталады. Қылмыс тек әрекет арқылы жүзеге асырылады. Жалған кәсіпкер коммерциялық ұйым құру үшін оны тіркету және оған лицензия алу үшін заңда көрсетілген барлық құжаттарды дайындайды. Құрылтайшылар жиналысын өткізеді, жарғы қабылдап, қажет болған ретте құрылтайшы шартын бекітеді. Осыдан кейін кәсіпкерлік немесе банктік қызмет заңды тіркеуден өткізіледі, оған лицензия беріліп, банк операцияларын жүзеге асыру үшін алымдағы және есептесу шоты белгіленеді. Осымен кәсіпкерлік ұйымның барлық заңды қызметі доғарылады да жалған кәсіпкер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке зиян келтіруге бағытталған басқа әрекеттермен шұғылданады: несие алады, азаматтардан немесе ұйымдардан ақша қаражаттарын жинайды, сөйтіп тыйым салынған қызметпен айналыса бастайды. Осындай әрекеттердің нәтижесінде қоғамға қауіпті зардап-азаматқа, ұйымға қауіпті зардап немесе мемлекетке ірі зиян келтіріледі. Осы уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп танылады. Қылмыстық құрамы заңдылық мәні жөнінен материалдық құрамға жатады.
Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады. Қылмыстың субъективтік жағының қажетті белгісі-тыйым салынған қызметті жасыру, заңсыз несие алу, салық төлеуден босатылу немесе өзге де мүліктік пайда табу мақсаты болады. Қылмыстың субъектісі-кез келген есі дұрыс 16-ға толған азамат болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет