Орындаған Мәдениет Мадияр инф 203 группа Заңсыз кәсіпкерлік және жалған кәсіпкерлік



бет1/10
Дата26.04.2023
өлшемі56,95 Kb.
#87081
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Орындаған Мәдениет Мадияр инф 203 группа


Орындаған Мәдениет Мадияр инф 203 группа
Заңсыз кәсіпкерлік және жалған кәсіпкерлік

Заңсыз кәсіпкерлік — кәсіпкерлік қызметті тіркеуден өтпей не рұқсат(лицензия) алу міндетті болған жағдайларда арнаулы рұқсатсыз немесе лицензиялау шарттарын бұзып жүзеге асыру. Сол сияқты кәсіпкерліктің тыйым салынған түрлерімен шұғылдану, егер осы әрекеттер азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке ірі зиян келтірсе, не ірі мөлшерде табыс табумен немесе акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде өндірумен, сақтаумен және өткізумен байланысты болса, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады. [1]
Жалған кәсіпкерлік – Қазақстанда салық төлеуден басын алып қашудың әбден жетілген және бірден-бір жиі қолданы­латын түрі. Жалған кәсіпкерлік коммерциялық құрылымдардың жалған шот-фактуралар мен басқа да бухгалтерлік құжаттарды тапсыру жолымен салық төлеуден құтылуды және мақсатты жұмыстардың желеуімен заңсыз несие алуды көздейді. Сондықтан жалған кәсіпкерлік қылмыстық-жазалау іс-әрекеті болып табылады, оған қатысты жауапкершілік ҚР ҚК 192-ба­бын­да қарастырылған. Қыл­мыстық іс жүргізу кодексінің 449-бабының 1-тармағына сәйкес, жалған кәсіпкерлік бойынша соттың қаулысы бар­лы­ғына – мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, заңды тұлғаларға, лауазымды тұлға­ларға және барлық азаматқа қатысты және ол республиканың барлық аумағында сөзсіз қолданылуы тиіс.
Соңғы жылдарда осындай қылмыс­тардың – заңсыз кәсіпкерлік пен жалған кәсіпкерліктің тұрақты өсуі байқалады. Мұн­дай жағдай көлеңкелі экономиканың өсуіне, қаражатты заңсыз қолма-қол ақ­шаға айналдыру үшін бір күндік фирма­ларды пайдаланушы ұйымдасқан қыл­мыстық топ құрумен, коммерциялық банк­тердің несиелік ресурстарын ұрлау, басқа да қауіпті қылмыстар жасаумен айналысуға байланысты тереңдеп кеткен процестердің көрінуі болып табылады. Осындай үрдістер кәсіпкерлердің қол жеткізген нәтижесіне, олардың қаржы жүйесіне деген сенбеушілігін туғызуға және шамадан тыс салықтық ауыртпа­лықтарды алып жүру ықыласына психоло­гиялық әсер етеді. Осыған байланысты экономиканы қылмыстық қол сұғу­шы­лықтан, криминалдық элементтерден қорғау мемлекет пен қоғамның аса маңыз­ды міндеттерінің бірі болып табылады.
Қазақстанда жыл сайын жалған кәсіп­керліктің жүздеген фактісі анықталады, біреулері жазаларын алып жатыр, басқа­лары оны күтуде.
Мынаны атап өту керек, жалған кәсіп­кер­ліктен мемлекет қана емес, кәсіпкер­лердің өздері де зардап шегеді.
Жекелеген жалған кәсіпкер өзінің барлық контрагентін салықтық ілмекке тар­тады, сөйтіп, соттың тиісті шешімінен кейін жалған кәсіпорындардың шот-фактуралары жалған деп есептеледі, ал кінәлілердің салдарынан бюджет алдын­дағы міндеттер орындаусыз қалады. Салық органдары жалған кәсіпорындардың контра­генттеріне қатысты олардан бұдан бұрын есепке жатқызылған ҚҚС сома­ларын, сондай-ақ корпоративтік табыс салығы бойынша шегерімдерден шығын­дарын алып тастау бойынша нақты шара­лар қолданады.
Сондай-ақ мынаны атап өтуге тура келеді, салық төлеушінің жалған кәсіп­орындармен өзара есеп айырысу бойынша заңбұзушылықтарды жоймау фактілері анықталған жағдайда, сондай-ақ басқа жеткізушіден шот-фактураны ауыстырса, салық органының тақырыптық тексеру жүргізуге, оның ішінде ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің бұйрығы негізінде тексеру мерзіміне кезектен тыс тексеру жүргізуіне, сондай-ақ материалды басшының қол қойған және мөр басқан уақытын (күнін) анықтау мақсатында қолтаңбасын тағайындап, техникалық сараптамадан өткізу үшін Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментке жолдауға толық құқы бар. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың жалған екендігі расталса, онда қылмыстық іс қозғалады.
Қорытындылай келе, салық органдары осындай заңсыз кәсіпкерлік және жалған кәсіпкерлік сияқты әлеуметтік-экономи­калық қиянат жасаушылармен күресті одан әрі жалғастырып, күшейте беретінін атап өткім келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет