Орындаған Мәдениет Мадияр инф 203 группа Заңсыз кәсіпкерлік және жалған кәсіпкерлік


Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап)



бет6/10
Дата26.04.2023
өлшемі56,95 Kb.
#87081
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Орындаған Мәдениет Мадияр инф 203 группа

Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-бап)
Қылмыстық кодекстің 195-бабына сәйкес ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден тиісті сот актісі заңды күшіне енбегеннен кейін ұйым жетекшісінің немесе азаматтың әдейі жалтаруы-несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару деп саналады. Қылмыстың тікелей объектісі-несиелік шартқа қатысушының мүддесін белгілейтін қоғамдық қатынастар. Мұндай құқықтық қатынастар мәні немесе мазмұнына сәйкес азаматтық құқық нормалары арқылы реттеледі.
Қылмыстың объективтік жағы әрекетсіздік арқылы ірі мөлшерде несиелік берешекті атаудан тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін әдейі жалтару бойынша жүзеге асырылады. Мұндай әрекетсіздікті істеуден әдейі жалтарған деп тануға-біріншіден несиелік берешекті өтеуден кінәлы адам тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін, екіншіден несиені өтеуден жалтару әдейі, үшіншіден ірі мөлшердегі несиелік-берешекті өтеуден жалтару арқылы істелетіндігі негіз болады. Қылмыс құрамы жағынан формальдық болып табылады, қылмыс заңда көрсетілген зардап ірі мөлшердегі несиені тиісті сот актісі заңды күшіне енгеннен кейін өтеуден жалтарған уақыттан бастап аяқталған деп саналады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі заңда тура көзделген. Ол несие алған ұйым жетекшісі немесе жеке азамат.

Монополистік іс-әрекеттер және бәсекені

әдейі шектеу (196-бап)
Нарықтық экономиканының басты белгілерінің бірі нарықтық заңдардың өзін-өзі, яғни сұраныстың ұсынысты ретке келтіруі болып табылады. Осы жағдайға байланысты нарықтың бірқалыпты қызмет етуінің және дамуының басты шарттарының бірі болып бәсекеге негізделген заңдардың жүзеге асырылуы болып табылады. Бірақ-та нарықтың өзін-өзі ретке келтіру процесінде сан қилы бәсекені әдейі шектейтін нысандарды туындатады. Мұндай ретте мемлекет құқық нормаларын ретке келтіру және қорғау мақсатымен экономикалық қызмет субъектілерінің қызметіне араласуға міндетті. Экономика саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің нарықтағы заңсыз үстемдікке жол бермеу, әр түрлі қиянаттарын тойтару мақсатымен мемлекет антимонополиялық реттеу арқылы экономикаға мемлекеттік ықпал етеді. Қылмыстың тікелей объектісі-адал бәсекеге негізделіп, нарықта үстемдік жағдайға ие болған шаруашылық субъектілерінің қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар. Қылмыс объективтік жағынан мынадай әрекеттерді істеу арқылы көрініс табады:


  1. монополиялық жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен ұстап тұру;


  2. бәсекені шектеу монополиялық іс-әрекеттер және бәсекені анықтау заңдарына сәйкес монополистік іс-әрекеттер бәсекені шектеуге, тежеуге немесе жоюға жол бермеуі қажет. Осыған байланысты монополиялық жоғары немесе төмен бағаны белгілеу мен ұстап тұру заңға қайшы әрекет болып табылады. Монополиялық жоғары баға белгілеу деп тауар нарығында үстемдік жағдайға ие болған шаруашылық субъектісінің, сапасы төмен тауарына көтеріңкі, жоғары баға қойып оған жұмсалған шығынын өндіріп алумен бірге одан пайда табуын айтамыз. Бәсекені шектеу-рынокты бөліп алу, рынокқа кіруді шектеу, одан экономикалық қызметтің басқа субъектілерін ығыстыру, бірыңғай баға белгілеу немесе ұстап тұру әрекеттері арқылы көрініс табады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет