Орындаған: Молдабек А. М тобы: мнк-211 Қабылдаған


Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиялары ретінде



бет3/7
Дата21.10.2023
өлшемі68,54 Kb.
#120292
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Педагогикалық менеджмент ұстанымдары

1.1 Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен технологиялары ретінде

Білім беру жүйесіндегі басқару қазіргі таңда «педагогикалық менеджмент» ұғымымен тікелей байланысты. Педагогикалық менеджмент білім беру процесін басқару принциптерінің, әдістерінің, ұйымдастырушылық формалары мен технологиялық әдістерінің жиынтығы болып табылады, сондай-ақ , педагогикалық ұжымдағы білім сапасының тиімділігін арттыруға ықпал етеді.


Білім менеджері ретінде мектепті басқаруда бүгінгі таңда оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, әлеуметтік және тұлғалық дамытуда маңызды нәтижелерге қол жеткізу үшін педагогикалық үдеріске қатысушылардың қызметін нақылау және дұрыс басқару мәселесі тұр.
Сондай-ақ, бiлiм беру ұйымдарындағы тәрбие жүйесі де басқарудың құрылымына енеді. Әсiресе, мектептердегi тәрбиелік іс-шараларының қалыптасқан тәрбие стереотипiнiң заман талабына сай түбегейлi өзгертсек, қазiргi кезеңiндегi тәрбие саласындағы қиыншылықты ескерсек, білім беру саласындағы тәрбие жүйесін басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтiк-экономикалық саладағы бiлiм берудiң, қазiргi тәрбиелiк процестi белсендендiру, тұлғаны тәрбиелеу түрлері мен әдiстерiн іздестіруді, әсiресе, бұл процестi басқарудың басқада жолдарын амалдарын табуды аса қажет етедi.
Басшы педагогикалық ұжымның жұмысын бақылап, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен басқаруда педагогиканың ғылыми негіздерін жеткілікті деңгейде меңгергенде ғана, педагогикалық міндеттерді тиімді шеше алады. Педагогикалық жүйені нәтижелі басқару үшін басқару мәдениеті қажет. Педагогикалық менеджменттің негізі тұлғаны сапалы оқыту мен тәрбиелеуге тікелей қатысты. Сол себепті, білім беру ұйымын тиімді басқару үшін басшыға мектептің басқару‐педагогикалық қызметінде функционалды процесті сауатты жүзеге асыру маңызды.
Ғылыми зерттеулерде педагогикалық менеджменттің теориясы басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастырушылық формалары мен технологиялық әдістерінің жиынтығы деп сипатталады. Педагогикалық менеджментте адамдармен қарым-қатынас өнері, ерекше басқарушылық шеберлік және ұйымдастырушылық қабілеті ерекше маңызды болып табылады. Ендеше, мектептi басқару теориясының объектiсi – барлық құрамды элементтерiмен алынған жүйе. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттiң амал-тәсiлдерi – ғылымның нақты бiр объектiсiн зерттеуде қолданылатын тәсiлдер мен әдістер, мектептердi басқару бойынша бiлiм беру тәжiрибесiн қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды тәжірибеде тексеру. Білім берудегі инновациялық үрдістің нәтижесі оқу прцесінде жаңалықтарды қолдану болып табылады. Білім беру жүйесіндегі жаңа техноогия білім беру мақсатына жаңалықтар енгізу, жаңа мазмұнды жаңа тәсілдер мен тәжірибелер негізінде жаңа педагогикалық жүйені енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын табу және оны дамыту болып табылады.
Басқару теориясының нәтижесi – практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар. Мектеп басшыларына басқарушылық қызметте оқу-тәрбие процесін және оқу сапасы үшiн үлкен жауапкершiлiк жүктеледі. Оқу-тәрбие процесін тиімді орындаумен бірге әдістемелік жұмыстар да басқару арқылы іске асырылады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет