Қазіргі қоғамда педагогикалық менеджменттің енуі білім беру саласындағы реформалар мен өзгерістердің тууымен, білім берудің вариативті қызмет көрсету, инновациялық үрдістердің енуімен байланысты. Қазіргі уақытта педагогикалық менеджмент əлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады, ол басшының тəрбиелеу, оқыту, дамыту, қалыптастыруды ұйымдастыру құзыреттілігін меңгеруі. Педагогикалық менеджмент педагогика ғылымының бір саласы, оның зерттейтін пəні-білім беру мекемелеріндегі басқару. Мектеп басқару бойынша Ю. А. Конаржевский, В. П. Симонов, М. М. Поташник, К. М. Ушаков, П. И. Третьяков, А. А. Орлов т.б. зерттеген. В. П. Симонов педагогикалық менеджментке оқу-тəрбие процесін басқару принциптері, əдістері, ұйымдастыру жəне технологиялық амалдар кешені ретінде түсінік береді.
Педагогикалық менеджмент білім беру жүйесінің тиімділігін көтеруге бағытталған басқару ұстанымдары, əдістері, ұйымдастыру формалары мен технологиялық тəсілдерінің кешенінен тұрады.
Педагогикалық менеджмент мақсаты- басқару ұстанымдары, əдістері мен функцияларына негізделген тиімді (рационалды) басқаруды қамтамасыз ету, ортақ мақсатқа ұжымды жұмылдыру, адами ресурстарды дамыту, еңбек өнімділігін арттыру, педагог қызметкерлердің ынталандыру белсенділігін туғызу, олардың ішкі, сыртқы мүмкіндіктерін еңбек əрекетінде өнімді қолдану,басқарудағы қарама-қайшылықтарды жеңу жолдарын табу, іздеу.
Педагогикалық менеджменттің негізгі міндеттері: адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдыру; педагогикалық ұжымдағы əрбір қызметкердің қажеттіліктерін дамыту жəне оны мүмкіндігінше қанағаттандыру; адамдардың дамуын жетілдіру; педагог қызметкерлердің коммуникациялық дағдыларын, жеке жауапкершіліктерін дамыту; үрдісті жоспарлау, ресурстармен қамтамасыз ету; педагог қызметкерлердің жоғары ынталандыруын туғызу; үрдісті бақылау жəне түзету; оқыту үрдісін жетілдіру, оның тиімділігін арттыру; нəтижеге қол жеткізу, тиімді басқару. Бұл міндеттер əр циклде қайталанып отырады. Келесі циклдарда өткен циклда орын алған келеңсіздіктер шешіліп, келесіде ескерілетін болады.
Педагогикалық менеджмент міндеттерін жүзеге асыруда келесі шаралар жүзеге асырылады: ұйымдастырушылық, əдістемелік, дидактикалық, тəрбиелік, жоспарлық, қаржылық кадрлық, қамтамасыз ету, ақпараттық, имидждік, бақылау- мониторингтік т.б. Осы іс шаралар кешені білім беру үрдісінің мазмұнын құрайды, оның нəтижелі орындалып, жүзеге асуы дұрыс ұйымдастырылатын басшылыққа, педагогикалық менеджментке байланысты.Басқарудың негізгі обьектісі: педагогтардың іс əрекетін бағдарлау; іс əрекетін белсендіру арқылы ынталандыру ортасын құру. Педагогикалық менеджменттің құрылымдық деңгейлеріне педагогикалық ұжымның қызметін басқару; педагогтың қызметін басқару; оқушылардың қызметін басқару жатады.
Педагогикалық менеджменттің негізгі құрылымдары: білім беру компоненті, оқу-тəрбие үрдісін ұйымдастыру, оның оқыту үрдісін басқарудың əдістері, тəсілдері, формалары, құралдары, ұстанымдарымен байланысын ұсынады; мотивациялық компонент, біріккен еңбек үрдісіне жекелеме қатысушыларға мақсат қоюды ұсынады; когнитивті компонент, корпоротивті ойлауды дамыту əдісі ретінде педагогикалық білімді танытып, түсіндіруді ұсынады; əрекеттік компонент, ғылыми педагогикалық тəсілдерді білім беру концепциялары мен адамдық фактор аясында қолдануды ұсынады; шығармашылық компонент, педагогикалық əрекет мақсат қойып, оған жету тəсілдерін таңдап, қолдануда шығармашылық сипатқа негізделетінін ұсынады; ақпараттық (конативті) компонент, ақпаратты педагогикалық əрекеттің пəні ретіндегі сипатта анықтауды ұсынады; интегративті компонент, оның көмегімен оқыту үрдісін басқару функциясы мақсат қою, оған қол жеткізу білім беру үрдісі субьектілерімен бірге жасалады. Сонымен, педагогикалық менеджмент еңбекті жаңаша ұйымдастыра отырып, білім беру үрдісінің тиімділігін жетілдіруге бағытталған басқару ісі болып табылады.