Қорытынды
Қорыта келе, мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту мәселесі – қазіргі күн талабына сәйкес білім беру жүйесін жаңарту мен жетілдірудің аса маңызды кезеңінде үлкен мән беріліп отырған көкейтесті мәселе. Мектеп жасындағы балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту, Оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыру. Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарттарын орындау. Әдістемелік жұмысты жандандыру. Педагогикалық кадрлармен жұмыс жүйесін жаңарту. Ал бұл, білім беру саласындағы өзгерістер, ізденістер тұлғаның қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашу ғана емес, сонымен қатар жаңа мәдени құндылықтарға байланысты ұрпақты тәрбиелеуге, дамуына бағыт береді.
Менеджмент негізінде мектепті басқару қызметінің мазмұны оның ықпал ететін объектісіне қатысты және олар басқару жүйесін құрастыру барысында жүргізілетін қызметтік әрекеттерге байланысты өзгереді. Басқару қызметіне сай басқару міндеттері қойылады, басқару қызметі "нені орындау қажет? " деген сұрақтарға жауап берсе, басқару міндеттері оған қоса басқаруды іске асырудың шарттарын қарастырады, ол шарттар бір мерзім аралығында белгілі бір қызметті орындауға бағытталады. Әлемдік өркениеттің қарыштап алға дамуы білім беру саласының барлық деңгейіне әсер етуде. Педагогика ғылымының бұл бағыты ғылым жетістіктерін мектеп практикасына ендіру барысында білім беру процесін инновациялық тұрғыда ғылыми негіздеуді, оқу-тәрбие жұмыстарын қайта ұйымдастыруды қажет етеді. Басқару ұстанымдарын басқарушылық қызметтерді жүзеге асыруда басшылардың жүріс-тұрыс ережелері мен заңдылықтарының негізін қалаушы идеялары ретінде ұсынуға болады.
Басқару ұстанымдары объективті экономикалық заңдардан туындайтын негізгі ережелер, олар басқару объектілеріне, нақты объектілер мен адамдарға басшылық жасауы керек. Басқару ұстанымдары уақыт аралығында басқару тұжырымдамасының өзгеруімен бірге дамиды. Олар жетілдіріледі, нақтыланады және дамиды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Курманалина Ш.Х. Педагогикалық менеджмент/ С.М.Бахишева., Н.Н.Дəулеткалиева, Н.Ж.Архыматаева. Оқу құралы. – Астана , 2018 ж.
2. Психологиялық- педагогикалық сөздік. Екінші басылымы./ Б. А. Молдағалиев, Л. М. Маденова, Ж. Ж. Жароллаева, Қ. Р. Қажымова/- Алматы: «Арыс» баспасы, 2011.
3. Симонов В. П. Педагогический менеджмент: 50 ноу-хау в управлении педагогическими системами: Учебное пособие/ В. П. Симонов. –М., Высшее образование, Юрайт- Издат, 2009.
4. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических учебных заведений / В.А. Сластенин, И.Ф. Исаев, А.И. Мищенко, Е.Н. Шиянов. - М., 1997.
5. Глухов В. В. Основы менеджмента. Учебно-справочное пособие. СанктПетербург.: «Специальная литература», 1995.
6. Конаржевский Ю.А. Менеджмент и внутришкольное управление. М.: Центр "Педагогический поиск", 2000.- 224 стр.
7. Веснин В. Р. Основы менеджмента . М., Институт международного права и экономики. «Триада», «Лтд» , 1996.
8. Салахова Л.Р. Этика и культура управления: Учебное пособие для студентов экономического факультета / Салахова Л.Р. — 2-е изд., пересмотр. —Казань: Юниверсум, 2013.
9. Молдасан Қ.Ш. Білім берудегі менеджмент/ Қ.Ш. Молдасан., К.А.Есенова, – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2021.
Достарыңызбен бөлісу: |