Тыныс бұзылысының себептері бойынша (Б.Е. Вотчал, 1972):
Тыныс бұзылысының себептері бойынша (Б.Е. Вотчал, 1972):
Орталықты (тыныс орталығының дисфункциясына негізделген)
Жүйке-бұлшықеттік (тыныс бұлшықеті немесе оның жүйке аппаратының зақымдалуымен байланысты)
Торакодиафрагмальды (кеуде беткейінің көлемі мен пішінінің өзгерісі, кеуде клеткасының ригидтілігі, ауырсынудың әсерінен қозғалыстың бірден шектелуі, мысалы жарақат, диафрагма дисфункциясы кезінде)
латентті ТЖ, жоғары тыныс жұмысы қанның қалыпты газдық құрамын қамтамасыз етуге қабілетті
парциальды ТЖ, артериялық қан құрамында оттегі (80 мм.с.б және төмен) және оксигемоглобиннің концентрациясы (95% және төмен) төмендеп гипоксемиямен сипатталады
глобальды ТЖ, гипоксемиядан басқа кезде және рСО2 45 мм.с.б. жоғары
Қандағы рО2, рСО2, рН өзгеріс дәрежесіне байланысты (пульсоксиметрия немесе қанның газдық құрамы):
Қандағы рО2, рСО2, рН өзгеріс дәрежесіне байланысты (пульсоксиметрия немесе қанның газдық құрамы):
Айқын емес (рО2 -79—65 мм с.б, рСО2 - 46—55 )
Айқын (рО2 - 64—55 мм с.б, рСО2 - 56—69
Шекаралық (рО2 - 54—45 мм с.б, рСО2 - 70—85 мм с.б)
Респираторлы кома (рО2 45 мм с.б. төмен және рСО2 85 мм с.б. жоғары)
Физикалық күштемеден науқаста пайда болған ентігуге байланысты (А.Г. Дембо, 1957):
I дәреже — ентігу тек жоғары күштеме кезінде байқалады;
II дәреже — үйреншікті күштеме кезінде;
- III дәреже — тыныштық қалыпта.
Этиология
Этиология
ЖТЖ өкпелік және өкпеден тыс себептерден дамиды .
Өкпеден тыс себептер:
Тыныстың орталық реттелуінің бұзылысы: а) жедел тамырлық бұзылыстар (церебральды тамырлардың тромбоэмболиясы, инсульт, бас миының ісінуі); б) бас миының жарақаты; в) тыныс орталығына әсер ететін дәрілік препараттардың интоксикациясы (опиаттар, барбитураттар,т.б.); г) инфекциялық, қабынулық және ісіктік, бас миы бағанының бұзылуына әкелетін процестер, ми гипоксиясына әкелетін комалық жағдайлар.
Плевра және кеуде клеткасының сүйек-бұлшықеттік қабатының зақымдануы: а) тыныстық бұлшықеттің перифериялық және орталық салдануы; б) спонтанды пневмоторакс; в) тыныс бұлшықеттерінің дегенеративті-дистрофиялық өзгерісі; г) полиомиелит, сіреспе; д) жұлын миының жарақаты; е) ФОС және миорелаксанттардың әсері.
Ірі қан жоғалту, жедел қан айналым жеткіліксіздігі және әртүрлі улармен уланудағы оттегі тасымалдау бұзылыстары кезіндегі ЖТЖ (көміртегі тотығы, метгемоглобин түзушілер).