Өкпе паренхимасының қызметінің төмендеуі: а) өкпенің дамымауы; б) өкпенің қысылуы және ателектаз; в) плевра қуысындағы үлкен көлемдегі сұйықтық ; г) өкпе артериясының тромбоэмболиясы .
ЖТЖ патогенезі. Негізгі клиникалық синдромдар
ЖТЖ патогенезі. Негізгі клиникалық синдромдар
ЖТЖ патогенезі альвеолярлы вентиляция, альвеолярлы мембрана арқылы газдық диффузия бұзылысы нәтижесінде ағзаның оттегілік ашығуы және жүйелер мен мүшелерге оттегі таратылуының тепе-теңдік бұзылысына негізделген. ЖТЖ негізгі клиникалық синдромдары:
Гипоксия
Гипоксемия
Гиперкапния
1. ГИПОКСИЯ тіннің оксигенациясы төмендеуі кезінде дамитын жағдай . Этиологиялық факторға байланысты гипоксиялық жағдай 2 топқа бөлінеді.
1. ГИПОКСИЯ тіннің оксигенациясы төмендеуі кезінде дамитын жағдай . Этиологиялық факторға байланысты гипоксиялық жағдай 2 топқа бөлінеді.
а) Ішке тартқан ауадағы оттегінің парциальды қысымының төмендеуі кезіндегі гипоксия (экзогенді гипоксия), мысалы, биік тау жағдайында, авария және т.б.
б) Ішке тартқан ауаның қалыпты парциальды қысымы қалыпты кездегі тіннің оттегімен қамтамасыз етілуінің бұзылысы кезіндегі гипоксия. Мұнда гипоксияның келесі түрлері жатады: респираторлы (тыныстық), циркуляторлы, тіндік, гемиялық.