Орындаған: Нұрлыбаева Көркем Тобы: Увпмно-23 Ақтау-2023



бет2/3
Дата23.12.2023
өлшемі12,11 Kb.
#143073
1   2   3
Байланысты:
этика ОБӨЖ 5

Дикциясы жақсы мұғалімді оқушылар да асқан қызығушылықпен тыңдайды. Мұндай сабақ қызықты өтеді. Сондай-ақ сабақты қызықты өткізіп қана қоймай, мұғалім мен оқушы арасындағы тығыз байланыстың орнауына да үлкен септігін тигізеді, яғни дикция – мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты тығыз орнатудың сатысы. Дикцияның түрлері өте көп. Өте жақсы дикция деп үні жағымды, орфоэпиялық заңдылықты білетін, сөзі анық, интонация, екпін, т.б. кідірістерде мәнерлеп оқып, байыпты, қалыпты сөйлеуді айтамыз. Мысалы, сабақ барысында да бір сөзді 25 балаға айтқызсақ, сол сөздің 25 түрлі айтылғанын естиміз. Сонымен қатар бір адам бір сөйлемді әртүрлі естіп, дауысын, үнін, интонациясын, т.б. өзгертіп, сан құбылтып айта алады. Мұғалім сабақ түсіндіргенде, ойын жеткізгенде, әртіс сияқты мың құбылып, шамасы келгенше, оқушының зердесіне құюға тырысады.
Мұғалім үшін тағы бірден-бір қажет нәрсе – интонация. Өйткені әр жағдаятқа келгенде, бірқалыпты сөйлей бермей, оқу, оқыту, жағдайында құбылта, келтіре, ұқсата сөйлеу керек. Ешбір заңдылықты сақтамай, бірқалыпты сөйлеп өткізген сабақ оқушының қызығушылығын төмендетеді, сабақты толық түсінуіне де кедергі келтіреді.
Мұғалім аузыекі сөйлеп қана қоймай, дауыс ырғағы мен дикциясы арқылы оқушы санасына әсер етіп, «тағы қандай қызықты дүниелер айтады екен» деген ой туғызып, сабақты одан әрі жандандыра түсуге ықпал етуі тиіс.
Сухомлинский «Тәрбие өнері дегеніміз – ең алдымен, сөйлей білу, адам жүрегіне жол таба білу өнері. Мұғалім сөзі – шәкірт жүрегіне жол табуда теңдесі жоқ құрал» деген. Бұл сөзде расында да үлкен шындық бар. Өйткені сабақ мұғалімнің сәлемдесуімен басталып, қоштасуымен аяқталады. Демек, сыныптағы негізгі тұлға – мұғалім. Сондықтан да сыныпта оқушының сөйлеу тілін қадағалаумен бірге, мұғалім өзінің тіліне де ерекше мән беруі керек.
Дұрыс сөйлеген мұғалім әрқашан да оқушыларына үлгі болады. Әр оқушы тәрбиені, тәртіпті, үлгіні өз ұстазынан алуға ұмтылады, соған ұқсағысы келеді.
Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас құралдарының ішіндегі өмірде кең қолданылатыны және аса маңыздысы – тіл. Тіл – адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тілмен сөйлесу адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлеу тек адамға ғана тән. Адам тіл арқылы бір- бірімен қатынаса алады. Тілді үйрету әдісі үнемі заман талабына, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып, жетіліп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет