Орындаған: Нургалиева Ж. К. Топ: мкя-301 Тексерген


ҚОРЫТЫНДЫ VIII тарауда, айтылғандарды жинақтай келгенде, мынандай қорытындылар жасауға болады



бет4/4
Дата19.10.2023
өлшемі1,21 Mb.
#119182
1   2   3   4
Байланысты:
sro(20234592-52831)(1)

ҚОРЫТЫНДЫ
VIII тарауда, айтылғандарды жинақтай келгенде, мынандай қорытындылар жасауға болады:
  • Сөйлем - коммуникативті кызметімен, яғни шындық болмыстың бір бөлшегі жайында хабар беретін қызметімен сипатталатын синтаксистік бірлік.
  • Сөздің де, сөз тіркесінің де қызметі - номинативті қызмет болса, сөйлемнің кызметі - коммуникативті қызмет.
  • Сөйлемнің құрылымдык үлгісі - бастауыш-баяндауыштық үлгі. Бастауыш-баяндауыштық құрылым - синтаксистік басқа конструкцияларға емес, сөйлемге ғана тән құрылым.
  • Сөйлемге тән белгілердің бірі - интонация. Сөйлем тілдік басқа құбылыстардан интонациялық белгісі жағынан да ажыратылады.

5. Сөйлем объективтілік модальдылық категориясы, синтаксистік шақ және рай категорияларымен және осы категорияларды білдіретін кұралдардың жүйесімен сипатталады.
6. Предикативтілік - әрбір сөйлемге тән басты белгі. Предикативтік сөйлемнің грамматикалық мағынасы ретінде танылады.
7. Сөйлемде объективті-модальдық мағынадан басқа субъективті-модальдылық мағына да болады. Субъективті-модальдық мағынаның катарына күшейту мен әсерлеу, құптау мен жақтырмау, сену мен күдіктену және т.б. осылар тәріздес мағыналар енеді. Субъективті-модальдық мағына алуан түрлі құрал-тәсілдер, атап айтқанда, интонация тәсілі, сөздердің орын тәртібі тәсілі, қосарлану тәсілі, одағай мен демеуліктер және т.б. тәсілдер арқылы беріледі.
8. Сөйлем құрылымына және хабардың мақсатына қарай топтастырылады. Жай сөйлем екі құрамды және бір құрамды сөйлемдер болып топтастырылса, құрмалас сөйлем салалас, сабақтас және жалғаулықсыз құрмалас сөйлемдер болып топтастырылады. Құрмалас сөйлемнің барлық түрлері де предикативті қасиеті бар бірліктерден құралады. Демек, құрмалас сөйлем екі не бірнеше предикативтік бірліктердің тіркесіне негізделеді.
9. Құрмалас сөйлемдердің салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдер болып топтастырылуы олардың компоненттерінің арасындағы байланыс түрлеріне, атап айтқанда, салалас байланыс пен бағыныңқы байланысқа негізделеді. Жалғаулықсыз құрмалас сөйлем құрмалас сөйлемнің өз алдына дербес семантика-құрылымдық түрі ретінде қаралады.
10. Сөйлем мен пайымдау өзара тығыз байланысты. Пайымдау сөйлем түрінде айтылып, сол арқылы белгілі бола алады.
11. Сөйлемнің құрылымдық элементтері - бастауыш пен баяндауыш пайымдаудың құрылымдық элементтері - логикалық субъект және предикатпен сәйкес келуі мүмкін. Бірақ мұндай сәйкестілік әрқашан шарт емес. Бұған қоса, предикативтілік деген мен баяндауыштық деген ұғымдарды бір-бірінен ажырата білу қажет. Предикативтілік сөйлемнің бір гана мүшесіне емес, тұтасымен сөйлемге қатысты болады, бүтіндей сөйлемді сипаттайды.
12. Әртүрлі тілдерде сөйлейтін халықтар үшін ойлау категориясы - пайымдаудың логикалық құрылысы біркелкі болса, оны білдіретін сөйлемнің құрылымы әр басқа тілдерде түрлі түрлі болуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет