Осыдан әрі қарай субъективті-модальдық мағыналарды білдіру тәсілдері жайында жалғастырылып, қосарлану тәсіліне тоқталған. Субъективті-модальдық мағыналарды білдірудің бір тәсілі - қосарлану тәсілі. Қосарлану тәсілі қомсыну, кемсіну, күшейту, бірнеше рет қайталау тәрізді және т.б. мағыналарды білдіреді. Мысалы: Шай-пайға қарайтындай уақыты болмады. Айта-айта шаршадық. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей шешен боларсың (мақал). Кемпір-семпірлер де жиналған екен. Сары ала қаз күнге шағылысып, жалт-жұлт етеді (Ғ. Мүсірепов).
Ағашқа қонып, қаранып,
Қанатын-жүнін таранып,
Болмақшы еді мәз-мейрам (Абай).
Қосарлану субъективті-модальдық мағыналарды білдіруде өте-мөте түркі тілдерінде жиі қолданылады. Сонымен қатар, бұл тәсіл орыс тілінде де бар екендігі жазылған.
Тағы да айтатын болсақ, сөйлемде алуан түрлі субъективті-модальдық мағыналарды білдіру үшін сөздерге демеуліктер тіркесе қолданылады немесе сөйлем ішінде одағайлар қолданылады делінген.
2.СӨЙЛЕМНІҢ ТҮРЛЕРІ Бұл бөлімде сөйлемдер әртүрлі тұрғыдан қарастырылып, оларға классиффикациялар жасалған.
Хабардың мақсатына қарай сөйлемдер:
Хабарлы сөйлемдер
Сұраулы сөйлемдер
Хабарлы сөйлем сөйлеушінің (немесе жазып отырған адамның) информациясын тыңдаушыға (қабылдаушыға) білдіру үшін жұмсалса, сұраулы сөйлем хабар (ақпарат) алу үшін жұмсалады. Сұраулы сөйлем коммуникативті қызметі жағынан басқа бір хабардың келіп тууын қажет ететін хабар болып саналады.
ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ «Құрмалас сөйлем дегеніміз - белгілі бір құрылымдык үлгі бойынша құрастырылған және хабардың біртұтас бірлігі ретінде қызмет атқару үшін жасалған предикативті бірліктердің тіркесі»
Құрмалас сөйлем компоненттерінің арасындағы байланыс салалас байланыс жэне бағыныңқылы байланыс түрінде болуы мүмкін. Осыған орай құрмалас сөйлемдер:
Салалас құрмалас сөйлем
Сабақтас (бағыныңқылы) құрмалас сөйлем болып екі топқа бөлінеді.
Салалас құрмалас сөйлем деп құрастырушы компоненттері салаласа байланысқан сөйлемді айтамыз.
АШЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫ Ашық құрылымды салалас құрмалас сөйлем екі, үш не одан көп компоненттердің ашық қатарларынан жасалады. Мысалы, жаңбыр жауды, жер көгерді деген ашық кұрылымды салалас сөйлемнің құрамына үстеме компоненттер қосылып, оның іргесі кеңейе түсуі мүмкін.
ЖАБЫҚ ҚҰРЫЛЫМДЫ Жабық құрылымды салалас сөйлем екі компоненттің тіркесуінен құралады да, оның құрамына үстеме компоненттер қосыла алмайды. Мысалы: Күріш тұқымы суға қолмен себіледі, өйткені сеялка суға жүре алмайды (С. Мұқанов).