Грамтеріс қозғалмайтын бактерия.Оны 1892 жылы Рихард Пфейфер ашты. Алғашқы кезде ол гемофильді таяқшаны тұмау қоздырғышы деп ойлады,бірақ уақыт өте келе бұл бактерия жоғарғы нерв жүйесін,тыныс алу жүйесін зақымдап,іріңді ошақ қалдыратындығы дәлелденді.
1933 жылы тұмау қоздырғышы вирус екендігі анықталып, ал гемофильді таяқша бактерия екендігіне көз жетті.Яғни ол тұмау шақырмайды.Ол менингит , пневмония, эпиплоттит жақыратындығы анықталды.
H.Influenzae-тек адамға ғана патогенді бактерия. Инфекция көзі: ауру адам, ауру тасымалдаушы. Берілу жолы: ауа тамшы, қарым-қатынас арқылы. Қоздырғыш-мұрын-жұтқыншақтың қалыпты микрофлорасын құрайды, оны 90% сау адамдардың мұрын-жұтқыншағынан бөліп алуға болады. Ең қауіпті типі 5-25% адамдарда кездеседі. Дені сау тасымалдаушының бірнеше күннен бірнеше айға жалғасуы мүмкін. Тасымалдаушылық спецификалық антиденелердің жоғарғы типтерінде және тағайындалған жоғарғы дозадағы антибиотиктерде сақталады.
Патогенезі
Инфекцияның ену қақпасы мұрын-жұтқыншақ болып табылады.
Қоздырғыш латентті инфекция түрінде аранда ұзақ уақыт сақталады.
Кей жағдайда қорғану күші әлсіз адамдарда латентті форма манифесті формаға ауысады. Инфекция қоршалған тін арқылы таралып, соның нәтижесінде отит, бронхит, пневмония, шелмай жасушасының қабынуы дамиды.