Орындаған Қожаахмет Айжан 237 жм тексерген Байдуйсенова Алия Утешовна


Сонымен қоса гематогенді жолмен таралып, буындар мен басқа да мүшелерді зақымдайды



бет2/4
Дата11.12.2022
өлшемі0,6 Mb.
#56454
1   2   3   4
Байланысты:
микро 5 бож

Сонымен қоса гематогенді жолмен таралып, буындар мен басқа да мүшелерді зақымдайды.

Б-типті гемофильді таяқшаның 95%-ы жүйелі ауруларды туындатады. Кейбір респираторлы вирустар мен гемофильді таяқша арасында біріккен әсерлер анықталады. Бұл аурудан айыққан адамдарда сирек жағдайларда тұрақты иммунитет дамиды.

Латентті инфекцияның манифесті түріне ауысатындықтан, инкубациялық кезеңнің уақытын белгілеу қиын.

Микробиологиялық диагностикасы

Зерттеу материалы: сілекей, ірін, қақырық, т.б.

Тікелей әдіс:

Тығыз қорек ортасына газонды себу жасайды. Х және V факторларымен ылғалдандырылған қағаз тілігін агар бетіне қояды. Қағаздын ортасында коллогияның өскендігін көреміз де, ал басқа аймақта өспейді. Бұл H.Influenzae қоздырғышының бар екендігін білдіреді.

H.Influenzae қоздырғышы идентификациясы үшін саттелитті коллонияға тест (“бактериальная кормилка”) жүргізіледі. Қанды агарға себу жасайды, ал ыдыстың ортасына тігінен стафилококкаларды себеді. Сол кезде H.Influenzae стафилококкалардың маңайында ірі коллония түзеді. Х және V факторлары эритроциттерді гемолизға ұшыратады.

Гемофильді инфекция жедел өтеді, бірақ кейбір клиникалық формасында ұзаққа созылады. Гемофильді инфекция төмендегідей клиникалық формада өтеді: Іріңді мененгит Өткір пневмония Септицемия Тері асты жасушасының қабынуы Көмей үсті қабынуы Іріңді артрит

Іріңді менингит

Іріңді мененгит 9 айлықтан 4 жасқа дейінгі балаларда айқын байқалады, себебі осы жас аралығында мененгиттің дамуына ең қолайлы. Ауру жедел басталады, кейде ми қабығына байланысты синдром гемофильді инфекцияның өзге көріністерімен (іріңді артрит, көмей үсті қабыну) өтеді. Бұл дерт өте ауыр түрде өтеді және кейде өлімге әкеледі. Гемофильді пневмония ошақты түрде өтеді де, жиі іріңді плевритпен қатар жүреді. Іріңді перикардитқа асқынуы мүмкін, жүрек құлақшасының қабынуы да болады. Ересек адамдарда, әсіресе, қарттарда гемофильді инфекция өкпенің басқа да ауруларына апаруы мүмкін.

Гемофильді сепсис



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет