туралы сөз қозғағанда, алдымен Ахмет Байтұрсынұлының есімі ойымызға
оралады. Себебі – қазақтың ұлттық ғылым тілінің, терминологиялық қорының
дамып, қалыптасуының тұтастай бір кезеңі ғалым еңбектерімен, оның ғылымипедагогикалық, ағартушылық және ғылыми-ұйымдастырушылық қызметімен,
қайраткерлігімен тікелей байланысты. Сондықтан да қазақ терминологиясының
тарихы, оның даму, қалыптасу кезеңдері туралы сөз қозғағанда Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми шығармашылығы мен қоғамдық қызметіне жан-жақты тоқталу, оны терең зерттеу өте маңызды.Мен Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құрал», «Тіл тағылымы» еңбегін қарастырдым, оның ішінде сөзжасам саласына байланысты терминдерді қарастырдым.
Жалпы Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерінде сөз тұлғарына тоқталып өткен оның ішінде біз туынды сөздерге тоқталайық:
Туынды сөз – дегеніміз бастапқы тұлғасы да, мағынасы да өзгерген сөз, мәселен бастық, тастақ, шашақ, қолтық. Міне Байтұрсынұлы еңбегінде осы мәліметтер берілген.[1.40б]Біздің қазіргі таңда оқып жүрген мәліметтерімізге тоқталайық:
Туынды сөздер – тілдің сөзжасамдық тәсілдерінің қызметінің нәтижесінде сөздікке қосылған лексикалық дайын тұлғалар: кенші, жүлдегер, шекара, қызыл ала, білезік, әкел.
Туынды сөздер – сөздік қорымыздың ең көлемді қабаты, олар тілдің әр даму сатысында сөзжасамның нәтижесінде үнемі сөздікке қосылып, тілді байытып отыратын тілдік нұсқалар. Туынды сөздердің белгілері:жаңа мағынаны білдіруі, ол жаңа мағынаның объективті өмірге қатысы болуы, сөздікке кіретін дербес сөз жасап, оның сөздік қорды байытуы, туынды сөз атаулының бәрі тілдің сөзжасам жүйесінің заңдылықтары арқылы жасалуы, туынды сөздердің белгілі құрамы болатыны, туынды лексикалық мағынаның негіз сөздің мағынасымен байланыстылығы, туынды сөздердің сөйлем құрамына тілдегі дайын қалпында алынатыны, олардың сөйлем құраушы негізгі тұлға қызметінде жұмсалуы.