Орындаған: Оразалы Айбике Қабылдаған: Каспихан. Б



бет2/3
Дата27.02.2023
өлшемі31,57 Kb.
#70138
1   2   3
Байланысты:
Оразалы Айбике сөж уәждеме

Қосымшалар дегеніміз – сөз емес, сөзге жалғанатын буындар; бұларда өз алдына мағына да жок, басқа сөзге жалғанбай бөлек айтылмайды да. Сондықтан бұлар қосымшалар деп
аталады. Қосымшалар екі түрлі: біреулері жалғанған сөзінің тұлғасын ғана өзгертіп, мағынасын өзгертпейді; екіншілері жалғанған сөзінің тұлғасын да, ішкі мағынасын да өзгертеді. Сондықтан бастапқы қосымшалар тысқарғы жалғаулар я тікелей жалғау деп аталады; екінші қосымшалар ішкергі жалғаулар я тікелей жұрнақ деп аталады.
Түсінікті болу үшін мысал келтірейік. Алалық, «жылқы» деген сөзді һәм «-шы», «-ның» қосымшаларды. «Жылқы» деген сөзге «-шы» қосымшаны да, «-ның» қосымшаны да косып байқайық: қайсысы жалғау, қайсысы жұрнақ болып шығар екен. Жылқы-жылқы-шы, жылқы-жылқының, «жылқышы» дегенде сөздің бастапқы тұлғасы да, мағынасы да өзгерілді яғни «жыл- қышы» деген сөз енді малдың есімін көрсетпейді,
адамның есімін көрсетеді. «Жылқының» дегенде, сөздің тұлғасы өзгерілді, мағынасы, өзгерген жоқ яғни «жылқының» деген сөз бәрібір малдың есімін көрсетіп тұр. Бұл айтылғаннан мәлім енді болды: «-шы» қосымша жұрнак екендігі, «-ның»
қосымша жалғау екендігі. Жалғау аз, жұрнақ көп. Жалғау түбір сөзде де, туынды
сөзде де болады. Жұрнақ түбір сөзде жоқ, туынды сөздерде ғана болады.

Жұрнақтар:
Жұрнақ– жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді:

  1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, “жылқы-шы”, “біл-ім”, “жасы-қ”, “таға-ла”;

  2. сөз түрлендіретін жұрнақтар өзі жалғанған сөзіне үстеме мағына қосып, сөздің тұлғасын өзгертеді. Мысалы, “көк-шіл”, “көк(г)-ірек”, “сары-лау”, “сары-рақ”, “жаз-ып”, “жаз-ғалы”. Жұрнақтар сөзге белгілі бір жүйеде рет-ретімен жалғанады.

Ахмет Байтұрсынұлы еңбегіндегі жұрнақтарға тоқталайық:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет