«Лық» жұрнақ. Бұл жұрнақ сөздің аяғы дауысты дыбыс немесе жарты дауысты дыбыс болса, осы «лық» күйінде жалғасады. Мысалы: бала -балалық, жабы-жабылық ,жау-жаулық, қу-қулық , бай-байлық.
Сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «лық» жұрнағы өзгеріп, «дық» болып жалғанады.Мысалы: қан-қандық, аң-аңдық, сұм-сұмдық.
Жіңішке сөздерде «лық» орнына «лік», «дық» орнына «дік» «тық» орнына «тік» болып жалғасады. Мысалы: ине-инелік, жеті-жетілік, ер-ерлік, ел-елдік, тең-теңдік, көп-көптік, жетім- жетімдік. [2.184б]
«Шы» жұрнақ. Бұл жұрнақ жуан, жіңішке сөздерге бірдей жалғанып,бірдей жазылады.Бірақ жуан сөзде жуан айтылады, жіңішке сөзде жіңішке айтылады.Мысалы:мал-малшы, жылқы-жылқышы,түйе-түйеші, егін-егінші. [2.184б]
«Шыл» жұрнақ. Бұл жұрнақта жуан,жіңішке сөздерге бірдей жалғана береді.Мысалы: қазақ-қазақшыл, жетек-жетекшіл, қара-қарашыл, қайғы-қайғышыл.
«Лас» жұрнақ.Бұл жұрнақ түбір сөздің аяғы дауысты, немесе жарты дауысты дыбыс болса, осы лас күйінде жалғанады.Мысалы: қора-қоралас, ау-аулас, ай-айлас, ақы-ақылас,сыр-сырлас.
5.«Лы» жұрнақ.Түбір сөздің аяғы дауысты я жарты дауысты болса, осы «лы» күйінде жалғанады.Мысалы: тау- таулы, тай-тайлы,қар-қарлы, мал-малды маллы болмайды деп көрсеткен. Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «лы»орнына «ды» болып жалғасады: Мәселен: мұң-мұнды, сан-санды, шам-шамды. Түбір сөздің аяғы қатаң дыбыс болса «лы» орнына «ты» болып жалғасады. Мәселен: сап-сапты, ат-атты, тас-тасты, құлақ-құлақты, бұрыш-бұрышты.Түбір сөз жіңішке болса, жұрнақтар да жіңішке болып жалғанады:шеге-шегелі, түйе-түйелі, тіреу-тіреулі, кегей-кегейлі, үрей-үрейлі, тек-текті, жел-желді, жер-жерлі, күш-күшті.
6) «Лау» жұрнақ. Түбір сөздің аяғы дауысты яки жарты дауысты дыбыс болса, осы «лау» күйінде жалғасады; мәселен:қара-қаралау, тау-таулау, сұлу-сұлулау, тар-тарлау, жар-жарлау, шал-шалдау.Түбір сөздің аяғы ұяң дыбыс болса, «лау» орнына «дау» болып жалғасады, паң-паңдау, шың-шыңдау, құм-құмдау.Түбір сөздін аяңы қатаң дыбыс болса, «лау» орнына «тау»болып жалғасады; мәселен: ақ-ақтау, жас-жастау,
аш-аштау.Түбір сөз жіңішке болса, жұрнақ та жіңішкереді, «лау» орнына «леу», «дау» орнына «деу», «тау» орнына «теу» болып жалғасады; мәселен: көне-көнелеу, ірі-ірілеу,
кір-кірлеу, көк-көктеу,, кең-кендеу, кем-кемдеу, төмен-төмендеу,
сирек-сиректеу.[2.186б]
Ахмет Байтұрсынұлы осы жұрнақтармен қатар «сыз» (құлақсыз), «ғы»(ар-арғы), «еке» (би-еке), «ыншы» (оныншы), «у» (аса-асау) жұрнақтарына тоқталып өткен.
Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тіліне енгізген термин сөздері, сөзжасамдық ұғымдары
өзгерістер енгізді. Бұл енгізген өзгерістер, сөзжасамдық ұғымдар осы күнге дейін қолданыста жүр. Бұл Ахмет Байтурсыновтың қазақ үшін қалдырған елеулі жаңалықтарының бірі болды.
Жалпы жұмысымды қорытындылай келе Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінде көптеген жаңалықтар ашқан, міне сол ережелер мен мәліметтер күні бүгінге дейін жетіп отыр.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
«Тіл құралы» Алматы 2013ж
«Тіл тағылымы» Алматы «Ана тілі» 1992ж
.Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. -Алматы: Ғылым. 1989
Достарыңызбен бөлісу: |