Орындаған: Орынбек. А тобы: жм-05-23


АИТВ инфекциясы AXЖ (B20) - антропонозды, созылмалы түрде өтетін түрлі механизммен таралатын вирусты жұқпалы ауру



бет5/8
Дата18.12.2023
өлшемі2,5 Mb.
#140535
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ЖТД Асыл 2

АИТВ инфекциясы AXЖ (B20) - антропонозды, созылмалы түрде өтетін түрлі механизммен таралатын вирусты жұқпалы ауру.

  • Адамның иммундық жүйесін зақымдап, қорғаныс қабілетінің кемдігіне соқтырады, микробтар мен вирустардың әсерінен өкпенің қабынуы, мидың зақымдалуы, қанға таралу, қатерлі ісік аурулары пайда болады.
  • Қоздырғышы- РНКлы, Retroviridae туыстығына жататын вирустар, 3000 жуық серологиялық варианттары табылған. I тип Орталық Африка, Европа, Америка, Азияда II тип Батыс және Орталық Африка, Америка, Европада таралады.

Инфекция көзі: науқас адам және вирустасымалдаушы

  • Инфекция көзі: науқас адам және вирустасымалдаушы
  • АИТВ инфекциясын жұқтырған және науқас адам аурудың барлық кезеңдерінде қайтыс болғанға дейін жұқпалы болады
  • Вирустар көп мөлшерде қан, жұлын сұйықтығы мен спермадан табылады, аз мөлшерде сілекей, көкірек сүті, тер, зәр, нәжісте табылады

Беріліс механизмдері

  • 1.Жыныстық қатынас - қорғану тәсілдерін қолданбай жыныстық қатынаста болған кезде жұғады. Жыныстық жақындасу кезінде әріптестердің жыныс мүшелерінің шырышты сілекей қабығындағы жарақатқа, қанға немесе сары суға вирус түссе ауруды жұқтырады.
  • Қатерлі жыныстық қатынастар гомосексуалисттер,
  • бисексуалисттер, жезөкшелер арасында кеңінен таралған.
  • 2. Парентералдық жолмен - АИТВ инфекциясын жұқтырған адамның қаны, қан препараттары, залалсызданбаған медициналық инструменттер арқылы таралады (қан құю, қан жұққан шприцпен инені қайта пайдалану, татуировка, емдеу диагностикалық шаралар).
  • 3. АИТВ вирусын жұқтырған анадан балаға жүктілік, босану немесе емізу кезінде микрожарақат арқылы жұғады

АИТВ инфекциясы 4 кезеңде өтеді:

  • І кезең: белгілері жоқ жасырын кезең
  • ІІ кезең: 2а –алғашқы белгілерінің пайда болуы;
  • 2 б- екіншілік инфекцияларды қосылуы, иммунитет тапшылығы жоқ;
  • ІІІ кезең - екіншілік инфекцияларды қосылуы, иммунитет тапшылығы бар
  • ІҮ кезең -ЖИТС (терминалдық кезең)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет