Орындаған: Раймкулова А



бет2/2
Дата03.11.2022
өлшемі1,52 Mb.
#47134
1   2
Байланысты:
кукык жуйесы

Ресми инкорпорация – мұны инкорпорация жүргізуге (жасауға) өкілеттік алған мемлекеттік органдар атқарады. Сонда ресми инкорпорация дегеніміз құқықтық нормаларды (күші барларын) жариялау және қайтадан баспа арқылы шығарудың тәсілі. Сондықтан ресми инкорпорация - заң шығарудың ресми көзі, қайнары. Бұл инкорпорация — хронологиялық және пәндік түрінде болады.

  • Ресми инкорпорация – мұны инкорпорация жүргізуге (жасауға) өкілеттік алған мемлекеттік органдар атқарады. Сонда ресми инкорпорация дегеніміз құқықтық нормаларды (күші барларын) жариялау және қайтадан баспа арқылы шығарудың тәсілі. Сондықтан ресми инкорпорация - заң шығарудың ресми көзі, қайнары. Бұл инкорпорация — хронологиялық және пәндік түрінде болады.
  • Хронологиялық ресми инкорпорация - нормативтік актілердің белгілі бір тәртібіне келтірілуін олардың ресми жариялануы барысында жасауды көздейді.
  • Пәндік ресми инкорпорация - жүйелеудің күрделілеу түрі. Мұның нәтижесінде мемлекеттік билікті басқарудың ең жоғары органдары шығарған күші бар нормативтік актілерінің томдары, жинақтары жасалынады.
  • Бұл томдар мен жинақтарға нормативтік құқықтық актілер пәндік қағидат бойынша, қатаң түрде тақырыптар бағыттарын сақтай отырып орналастырылады. Мысалы: мемлекеттік құрылысты реттейтін, әкімшілік жауапкершілік, халық шаруашылығы салаларындағы қатынастарды реттейтін нормативтік актілерді біріктіру.
  • Ресми емес инкорпорация - мұнда жүйелерді арнайы тапсырма алмай-ақ жекелеген ведомство, ғылыми және оқу орындары, жеке тұлғалар жасай береді. Сондықтан да ресми емес инкорпорациялық жинақтарды заңдар негіздері (қайнар көздері) ретінде бағалауға болмайды. Құқық шығармашылығы істерінде, құқық қолдануларда бұларды нормативтік актілер жариялаудың нысаны ретінде қарастырып сілтемелер жасауға болмайды.

Кодификация - жүйелеудің ең күрделі және жетілдірілген түрі. Бұл күші бар заңдарды түбегейлі түрде ішкі-сыртқы мән-мағыналарын өңдеу барысында жаңартылған кодификациялық акті даярлау және қабылдау жөніндегі атқарылатын қызмет болып табылады.

  • Кодификация - жүйелеудің ең күрделі және жетілдірілген түрі. Бұл күші бар заңдарды түбегейлі түрде ішкі-сыртқы мән-мағыналарын өңдеу барысында жаңартылған кодификациялық акті даярлау және қабылдау жөніндегі атқарылатын қызмет болып табылады.
  • Осындай кодификациялаудың нәтижесінде күші бар құқықтық нормалар бірлестірілген тұтас актіге жинақталады, оны тиісті мемлекеттік органдар қабылдап алады. Кодификациялаудың барысында арнайы нысанды негіздер, кодекстер, жарғылар, қағидалар және т.б. шығарылады. Мысалы, Конституция - басты кодификациялық акт. Бұлардан басқа қазіргі кезде Қазақстан Республикасында Азаматтық, қылмыстық істерді жүргізу, азаматтық істерді жүргізу жөне т.б. кодекстер (жинақтар) істер атқаруда күші бар актілер ретінде танылғандар. Кодификацияланған актілерге елімізде қазіргі кезде қолданыстағы "Жол жүру ережелері", "Темір жол жарғысы" және т.б. жатады.
  • Кодификациялық актілерде құқықтың белгілі бір салаларындағы әртекті қоғамдық қатынастарды тәртіптейтін түрлі құқықтық нормалар, институттар біріктірілген болып келеді. Бұл актілер өздерінің тұтастығы және орнықтылығымен ерекшеленеді. Ағымдағы барлық заңдар осы кодификациялық актіде тұтастыққа, орнықтылыққа қарай бағдарландырылған, әрі қатарластыра бағындырылған.

Кодификацияның айырмашылықтарын көрсететін ерекшеліктері:

  • Кодификацияның айырмашылықтарын көрсететін ерекшеліктері:
  • 1. Кодификацияны тек өкілетті мемлекеттік органдар ғана жүзеге асырады және ол ресми сипатта болады.
  • 2. Кодификациялаудың нәтижесінде бірнеше актілер әр түрлі нормаларға біріктіріледі, сөйтіп түрі, мазмұны бойынша жаңа құқықтық акт жасалады. Оның мәтіні түп нұсқадағыдай ресми. Құқық қолдану органдары соған сілтеме жасауы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет