Сократқа дейінгі кезең натурфилософия деп аталды. Натурфилософия табиғатпен байланысты сұрақтарды зерттеді. Натурфилософия әлемдегі иерархияны құрастырумен айналысты. Аспан, жер, жұлдыздар қалай пайда болды деген мәселені зерттеді. Сократ та әлемді түсінгісі келді, бірақ ол басқаша мәнерде қарастырды. Ол құбылыстан құбылысқа өту арқылы емес, жалпыдан құбылысқа қарай беттеу арқылы ізденіс жүргізді. Мысалы: әдемі заттар көп, бірақ әдемілік ұғымын бір затпен ғана байланыстырып қоюға болмайды. Әдемі заттарға ортақ қасиет бар.

Оларға тән жалпылықты идея, эйдос деп атауға болады. Эйдос, жалпы идея заттардың мазмұнын, мәнін көрсетеді. Жалпылық сезім арқылы емес, ақыл, ойлау арқылы табылатын болса, онда ол ой, ақыл сферасына жатады, міне осыдан идеализм бастау алған. Сократтың ашқан жаңалығы – жалпылық туралы пікір. Ондағы басты идея – (идея блага) жақсылық, ізгілік мүдде. Әр нәрсенің қажеттілігі осы идеямен анықталады. Сократ үшін этикалық мәселеден жоғарғы мәселе жоқ. Жақсы адамның мәні жақсылықты білгендігі және сол біліміне сәйкес іс-әрекет жасауында. Адамгершілік ақылмен байланыстырылады. Білім қайдан туады? Сократ осы сұраққа пікір таластан туады деп жауап береді: тәсіл, пікір алысу жаңа ой тудырады. ( тәсілдер: ирония, майевтика). Сократ диалектика тәсіліне көңіл бөледі.
Сократ философиясы
ПЛАТОН
Платон (көне грекше: Πλάτων, б.з.д. 427 — 347) — ежелгі грек философы, математик, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализм философиясының негізін салушы. Платон оның лақап аты болып, жауырыны кең болғандықтан "жалпақ", "кең" деген мағынада Платон деп аталған. Платонның шын есімі — Аристокл. Платон өз шығармашылығында түрлі жазушылық үлгісін кең пайдаланған, әсіресе ойшыл-ғұламалар ортасындағы философиялық сұхбатты негіз еткен Платон диалогтары үлгісі негізгі орында тұрады. Платон диалогтары философияны, этиканы, риториканы, дін және математиканы қамтыған ғылым-білім үйретудің және тәрбие берудің күрделі жүйесін құрайды. Әдетте, Платонға қатысты "Платонша махаббат", "идея туралы теория", "тума білім", "Платон коммунизмі" қатарлы ұғымдар көбірек айтылады. Оның басты теориясы дерексіз объект - нақты өмір сүретін нәрселердің артында тұратын біртұтас идеяның өзгеше шындығы туралы болып, ол әдетте платонизм деген атаумен сипатталады.