Орындаған: Садиков А. А факультет: Стоматология


Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі (биологиялық, консервативті әдіс)



бет2/6
Дата02.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#112607
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6

Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі (биологиялық, консервативті әдіс)

  • Бұл ұлпаның толық өміршеңдігін сақтап қалу әдісі. Екі қабылдауда емделеді:
  • 1-ші қабылдауда қабынуға қарсы ем жүргізіледі
  • 2-ші қабылдауда одондотроптық ем жүргізіледі

Көрсеткіштері:

  • Жас адамдарға қолданады (40 жасқа дейін);
  • Ұлпа қабынуының алғашқы сатыларында (1-2 тәулік);
  • Абайсызда ашылып қалған ұлпа мүйізшесі;
  • Жалпы соматикалық аурулар болмаса;
  • ЭОД 25–30 мкА дейін;
  • Жедел ошақты ұлпа қабынуы;
  • КПУ-ға байланысты;

Қарсы көрсеткіштері:

  • Науқастың жасы 40 жастан аспауы керек;
  • Бойында созылмалы сырқаттардың болуы (гипертония, атеросклероз, қант диабеті, ревматизм, витаминдер тапшылығы);
  • Емделетін тіс төңірегіндегі пародонтта патологиялық өзгерістердің болуы;
  • Тісжегі қуысының тістің мойын бөлігінде орналасуы;
  • Тістің ЭҚ 30 мкА жоғары болуы;
  • Ұлпа қабынуының ауыр сатылары
  • Жасанды сауыттармен жабылатын, ортопедиялық конструкциялар бекітілетін тістер;
  • Ауыру сезімін басу үшін қатты тітіркендіретін дәрілерді тісжегі қуысына қойған кезде;
  • Ауыз қуысының гигиенасы төмен болса;

Ем кезінде келесі шарттарды орындау керек:

  • 2 қабылдауда жүргізіледі;
  • Дұрыс жансыздандыру;
  • Некроздалған дентинді толығымен тазалау;
  • Тіс қуысын дұрыс формаға келтіру;
  • Препараттарды мөлшерленген дозада қолдану;

Ем алгоритмі

  • 1-ші қабылдау
  • Жансыздандыру
  • Тіс жегі қуысын егеп тазалау
  • Жылы әлсіз антисептиктермен өңдеу (хлоргексидин, диоксидин, фурацилин, фурагин, лизоцим, фуразолидон, этакридин лактат)
  • Кептіріп, қабынуға қарсы қойыртпақ қою
  • Уақытша пломба
  • 2-ші қабылдау
  • Тіс қуысын қайта өңдеп, одонтотроптық қойыртпақ (кальмецин, “Life”, “Dycal”, цинк-эвгенол) қойып, аралық төсем, тұрақты пломба.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет