Орындаған: Садиков А. А факультет: Стоматология


Витальды экстирпация әдісін қолдануға көрсеткіштер



бет4/6
Дата02.10.2023
өлшемі0,74 Mb.
#112607
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6

Витальды экстирпация әдісін қолдануға көрсеткіштер:

  • Ұлпа қабынуының барлық тотальды формалары: жедел іріңді, созылмалы фиброзды, гипертрофиялық, гангренозды.
  • Ұлпа қабынуының қалдықты түрі.
  • Ұлпада конкременттердің болуы.
  • Ұлпа қабынуының ретроградты түрі.
  • Орташа және ауыр дәрежелі парадонт қабынуы бар науқастардағы ұлпа қабынуы.
  • Жалпы аурулары бар (диабет, атеросклероз) науқастардағы ұлпа қабынуының барлық түрлері.
  • Кариозды қуыстың мойын аймағында орналасуы
  • Ұлпа қабынуын биологиялық әдіспен емдеу нәтижесіз болғанда.

Витальды экстирпация әдісін қолдануға қарсы көрсеткіштер:

  • Гемофилия, гипертониялық аурулардың жоғары дәрежелері, өкпелік туберкулездің активті фазасы, бүйрек жеткіліксіздігі.
  • Ауыр жаралы-некрозды стоматиттер.
  • Қызыл жалпақ теміреткінің буллезді түрі.
  • Көп формалы экссудатты эритема.
  • Жедел инфекциялық аурулар.
  • Психикасының айқын бұзылыстары бар науқастар.

Пульпэктомияның негізгі мақсаты–ұлпаны толығымен алып тастау. Классикалық пульпэктомия түбірдің ұштық бөлігінде апикальды тесікке 1-1,5 мм жетпей аяқталады, периодонтты жарақаттаудың алдын-алу үшін эндометр, рентгенограмма болса линейка қолданылады. Ұлпаның қалған негізінде реактивті қабынулық реакциядан соң жазылу үрдісі жүреді.

Түбірлік ұлпаны 2 әдіспен алып тастауға болады:

1–сауытты ұлпаны ампутациялағаннан кейін бірден түбірлік өзекке күштеп пульпоэкстракторды енгізеді, оны 1-2 айналдырып түбірлік ұлпаны алып тастайды.

2–ампутациядан соң түбірлік ұлпаны коагуляциялайды. Сосын өзекке пульпэкстрактор енгізіп, коагуляцияланған ұлпаны алып тастайды.

Витальды экстирпация әдісінің алгоритмі:

Витальды экстирпация әдісінің алгоритмі:

  • Уақытша жансыздандыру жүргізу, қажет болған жағдайда оған дейін премедикациялау шараларын қолдану.
  • Тісжегі қуысын түбір өзектеріне еркін енетіндей жағдай жасай отырып егеп-тазалау.
  • Зарарсыздандырлған бордың көмегімен сауыт қуысын тесу және ашу.
  • Тісжегі қуысын антисептикер ерітінділерімен жуу.
  • Сауытты ұлпаны зарарсыздандырылған шар тәрізді бормен немесе экскаватормен ампутациялау.
  • Өзек сағаларын кең ашу.
  • Түбірлік ұлпаға диатермокоагуляция жүргізу.
  • Антисептиктерден тұратын ванночкалар негізінде пульпэкстрактормен немесе жіңішке К-файлдың көмегімен түбірлік өзектерден ұлпаны экстирпациялау.
  • Түбір өзегінің ұзындығын анықтау(ол үшін арнаулы тереңдік өлшегіштер-глубиномерлер қолданылады, олар жоқ болған жағдайда түбір инесін пайдалануға болады).
  • Эндодонтиялық құралдармен түбірлік өзектерді , егер олар тар болса кеңейту. Ол үшін арнаулы өткіш, (дрильбор), кеңейткіш (корневой бурав, рашпиль) бұрғылар және тегістегіштер қолданылады.
  • Түбір өзектерін антисептикалық ерітінділермен өңдеу (сутегінің асқын тотығы 3% ерітіндісі, натрий гипохлоридінің 2-3% ерітінділері, хлоргексидиннің 0,2-0,3% ерітіндісі).
  • Түбірлік өзектерді спирт, эфир не құрғақ мақталы турундалармен кептіру.
  • Өзектерді пломбалау үшін пастаны араластыру.
  • Түбірлік өзектерді түбірлік ине және өзек толықтырғыш көмегімен пломбалау.
  • Аралық төсемді араластыру.
  • Қуыс түбіне аралық төсемді гладилка немесе штопфер көмегімен қою.
  • Тұрақты пломбалық материалды араластыру.
  • Пломбаны қою, тіске гладилка және штопфер көмегімен пішін беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет