Орындаған: Сағидуллаева А. Б. Тобы: ппс-19К Қабылдаған



бет1/4
Дата10.03.2023
өлшемі25,31 Kb.
#72801
  1   2   3   4
Байланысты:
ЕРТЕГІ ТЕРАПИЯСЫ (копия) (копия)


ҚР ғылым және білім министрлігі
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті


Баяндама такырыбы: «Ертегі терапиясы жеке мазасыздық сезімінің төмендеуіне бағытталған жұмыс формасы ретінде»
Бағыты: Балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек.
Орындаған: Сағидуллаева А.Б.
Тобы: ППС-19К
Қабылдаған: Айтымова А.Н.

Петропавл қаласы,2021 жыл


Ертегі терапиясы жеке мазасыздық сезімінің төмендеуіне бағытталған жұмыс формасы ретінде
Ертегі терапиясы – бұл кез - келген басқа да психотерапия сияқты, жан – дүниені тану және емдеудің түрі. Ол ертегілерді психикалық процестердің өту және көріну формасы ретінде зерттейді, психикаға жағымды әсер ететін ертегілерді тудырады. Онда психикалық процестердің желілігіне, басқаша айтқанда, адамның жан дүниесінде болып жатқан құбылыстарға көңіл аударады. Әдетте, олар мәдениет пен уақытқа тәуелсіз, адамдар үшін әмбебап болып келеді. Ертегі терапиясы адамда санасыздықтың дамуы мен нақты кескін бойынша өзін көрсете алады. Ертегі кейіпкерлері бір мезгілде екі психологиялық деңгейге – сана және сана астылық деңгейлерге айналады. Мұның өзі коммуникациядағы күрделі эмоциялық қарым – қатынастың тиімді әрі әсерлі жағдайын құру қажет болғанда, түзету жұмысы үшін аса маңызды, ерекше мүмкіндіктер тудырады. Ертегі - терапиясы екі бағытта жүргізіледі:
Біріншісі - айту мен баяндауға құрылған нұсқа;
Екіншісі - қойылымдық бағыт;
Бүгінгі таңда ертегі терапиясы жаңа, әрі өте жас және психологиядағы дербес бағыт. Баланың жақсылық пен жамандықты айыруына, мінез – құлықтық стереотиптерді тануына көмектесіп, адамдардың өмірде алдынан шығатын сан түрлі қиыншылықты ең соңында жеңе аларына деген сенімін нығайтады. Ертегі терапиямен әсер ету ертегінің 4 түрінің көмегімен жүзеге асады: көркемдік ертегілер – халық ертегілеріне қарағанда нәзік келді. Адамның өміріндегі жеке өмірінен мағлұмат береді; Халықтық ертегілер – оқу материалын түсіндіру үшін қолданылады; Авторлық ертегілер – баланы ертегіге қызықтыру, зейінді дамыту; Психокоррекциялық ертегілер – баланың іс – әрекетіне түзетулер енгізу үшін қолданылады.
Ертегі терапиясының артыкшылыктары:
- Баланың сөйлеуін дамытады, сөздік қорын байытады, дұрыс диалог құруға көмектеседі, байланысты логикалық сөйлеуі, сұрақтар қоя білу шеберлігі дамиды;
-Баланың эмоцияларын дамытады, бала ертегі кейіпкерлерін елестете отырып, кейіпкерлердің ішкі дүниесін ұғынуды, оларға жанашырлық танытуды үйренеді;
- Мінез – құлық пен қарым – қатынастың негіздерін жасайды, бала жақсылықтың күшіне сенуге үйренеді;
-Баланың қиялы, шығармашылық қабілеті артады;
-Балаға жағымды эмоционалдық көңіл – күй сыйлайды;
- Баланың мінез – құлқын түзетеді және жақсартады, қалыптасып келе жатқан тұлғаның жағымсыз жақтарын жеңуге көмек береді;
- Баланың ертегі кітапқа деген сүйіспеншілігі оянып, әртістік қабілеті артады;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет