Орындаған: Сағидуллаева А. Б. Тобы: ппс-19К Қабылдаған


II – кезең:Негізгі қызмет



бет3/4
Дата10.03.2023
өлшемі25,31 Kb.
#72801
1   2   3   4
II – кезең:Негізгі қызмет
Мақсаты: ертегіні қолдану арқылы өзін тану, шынайы жағдайлармен байланыстыру, шығармашылық қиялын дамыту, босаңсу, бірлескен дағдының жаттығуы.
Материалдар: музыкалық ойнатқыш; музыкалық жазбалар.
«БАТЫР» жаттығуы.
Мақсаты:балаларда креативтілікті дамыту, ертегіні арқылы жетістікке ұмтылу, өзін-өзі басқару.
Уақыт: 1 сағат.
Айтылмыш жаттығу 2 бөліктен құралады.
1 БӨЛІК. «Ертегі батырының бейнесі»
Нұсқау: Ыңғайлы отырыңыз. Өздеріңізге жайлы және денеңізді бос отыруыңыз сұралады, себебі, бірнеше минутқа созылады. Көзді жабуға болады, бірақ міндетті емес. Сіздердің ойларыңыздағы бейнелерді ашық көзбен елестете алатындай болу қажет. Ал енді, дайындалайық. Сіздер қазір үлкен ертегілер әлеміне енесіздер. Бұл әлемде әртүрлі адамдар өмір сүреді. Жер бетіндегі ертегі кейіпкерлерінің барлығы сол әлемде тұрады. Бұл жерде сіз өзіңіздің сүйікті ертегі кейіпкеріңізді кездестіре аласыз. Қазір сіз өзіңіздің санаңызға келген кейіпкерді ғана есіңізге түсіріңіз, еске түсіру үшін күш қолдану қажет емес. Көз алдыңызға барлық кейіпкерлердің тізбесі тұру мүмкін, ішінде сіз ойлаған кейіпкерде кездесуіде ғажап емес. Сол кейіпкерлердің ішінде сіздің қасыңызда қалатын сүйікті кейіпкеріңізді анықтаңыз. (Іркіліс.)
Ендеше сіздің көз алдыңызға елестеген кейіпкерді мұқият қараңыз. Кейіпкердің сыртқы келбетіне мән беріңіз. Ол қозғалады ма, әлде жоқ па? Ол не істейді? Оның сырт келбетінде ерекше не байқалады? Қандай жағдайда оны көріп тұрсыз? Оның қасында біреу бар ма? Қаншалықты жарқын, анық көріп тұрсыз? Ал, енді ойша кейіпкермен қоштасыңыз! Ал енді біздің аудиториямызға оралайық. Көздерін жұмған қатысушылар көздерін ашуға рұқсат! Жаттығу барысында елестете алған кейіпкерлеріңіз туралы ой бөлісейік.
2 БӨЛІК. «Топ құру»
Нұсқау: Алдыңғы жаттығуларда елестете алған кейіппкерлерімізді есте ұстап, соған сәйкес қатысушылардың кейпкерлерінің ішінен сіздің кейіпкеріңізге ұқсасын таңдаңыз. Таңдаған болсаңыз атау әзірге қажет емес, ойыңызда ұстаңыз. Ал енді өзіңіздің кейіпкеріңізге ұқсас тағы бір кейіпкер таңдаңыз. Бұл кейіпкер екінші ұқсас кейіпкер болып есептелінсін. Енді осы тізімге үшінші ұқсас кейіпкерді таңдаймыз. Ал енді қазір сізге не себепті үш кейіпкерді таңдағанымыз түсінікті болады. Сіз таңдаған кейіпкерлердің иесіне барып, бірінші таңдалған кейіпкеріңізбен ол кісінің таңдаған кейіпкерімен сәйкестігін қараңыз, сәйкестігі келмесе, екінші таңдалған кейіпкерге жақындаңыз. Ол кейіпкердесәйкес клмесе үшінші кейіпкерді табыңыз. Нәтижесінде қатысушылар жұптасады,егер де жұп құрылмаса жүрізуші өзі жұп құрады.
Құрылған жұптарға 5 минут уақыт беріледі, таңдаған кейіпкерлерінің ұқсастығы анықтайды. Содан соң 4 кейіпкерден біріктірледі. Сосын 8 кейіпкерден бірігеді. Енді барлық кейіпкерлер бірігіп, ертегі құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет