Маслоу теориясы бойынша барлық қажеттіліктерді иерархиялық пирамида түрінде орналастыруға болады. Төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандыруды талап етеді және мотивацияға жоғары деңгейдегі қажеттіліктер әсер етуден бұрын адамның мінез-құлқына әсер етеді.
Маслоу теориясы бойыншабарлық қажеттіліктерді иерархиялық пирамида түрінде орналастыруға болады. Төменгі деңгейдегі қажеттіліктер қанағаттандыруды талап етеді және мотивацияға жоғары деңгейдегі қажеттіліктер әсер етуден бұрын адамның мінез-құлқына әсер етеді.
Герцбергтің екі факторлы теориясы. 50 жылдардың екінші жартысында Ф.Герцберг қажеттілікке негізделген мотивация моделін жасады.
Герцбергтің екі факторлы теориясы. 50 жылдардың екінші жартысында Ф.Герцберг қажеттілікке негізделген мотивация моделін жасады.
Герцберг факторлардың екі категориясын бөлді:
гигиена – фирма саясаты, жұмыс жағдайы, жалақы, тұлға арасындағы қарым-қатынас және жұмысқа тікелей бақылау жасау дәрежесі;
мотивация – табыс, қызмет бабымен жоғарылау, жұмыс нәтижелерін мойындау және мақұлдау, іскерлік және шығармашылық өсу мүмкіндігі және жауапкершіліктің жоғары дәрежесі.
Мотивацияның процессуальды теориясы.
Мотивацияның процессуальды теориясы.
Процессуальды теория шеңберінде нақты мақсатқа жету үшін адам өз күшін қалай бөлетіні және нақты іс-әрекет түрін қалай таңдайтыны талданады. Процессуальды теориялар қажеттіліктердің бар екенін теріске шығармайды, бірақ адамдардың мінез-құлқы (іс-әрекеті) тек онымен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік қажеттіліктермен де анықталады.
Мотивацияның үш негізгі процессуальды теориясы бар: күту (үміттену) теориясы, әділеттілік теориясы және Портер-Лоулер моделі.
Мотивацияның үш негізгі процессуальды теориясы бар: күту (үміттену) теориясы, әділеттілік теориясы және Портер-Лоулер моделі.
Күту (үміттену) теориясының негізгі моделі бойынша адам өзінің таңдап алған іс-әрекетінің тілек етілген нәтижесіне жеткізеді деп үміттенеді. Күту (үміттену) – белгілі бір оқиғаның ықтималдылығын жеке тұлғаның бағалауы. Күту (үміттену) теориясы үш өзара байланыстың маңыздығын көрсетеді: еңбек шығыны – нәтижелер; нәтижелер – марапаттау; марапаттау – валенттілік (марапаттауға қанағаттану).