Жоспарлылық принципінің маңызы – ұйымның даму перспективасындағы негізгі бағыттарды белгілеу. Жоспар болашақта шешілуі керек экономикалық және әлеуметтік міндеттердің комплексі түрінде қарастырылады
Жоспарлылық принципінің маңызы – ұйымның даму перспективасындағы негізгі бағыттарды белгілеу. Жоспар болашақта шешілуі керек экономикалық және әлеуметтік міндеттердің комплексі түрінде қарастырылады.
Жоспарлылық принципінің маңызы – ұйымның даму перспективасындағы негізгі бағыттарды белгілеу. Жоспар болашақта шешілуі керек экономикалық және әлеуметтік міндеттердің комплексі түрінде қарастырылады.
Жауапкершілікті, міндеттерін және құқықты үйлестіру принципі бойынша әрбір бағынышты адам (қызметкер) өзіне жүктелген міндеттерді орындауы және олардың орындалғаны туралы есеп беріп отыруы керек.
Жеке автономия және еркіндік принципі бойынша барлық инициативалар қолданыстағы заңдылық шеңберінде өз еркі бойынша басқару функцияларын орындайтын еркін әрекет ететін экономикалық субъектілерден шығады.
Иерархиялық және кері байланыс принципі бойынша басқарудың көп сатылы құрылымы түзіледі, онда біріншілік буындарға (төменгі деңгей) жоғары деңгейдегі жетекшілік органдар бақылау жасайтын органдар басшылық жасайды.

Мотивация принципінің маңызы мынада: менеджерлер неғұрлым ынталандыру және жазалау жүйесін мұқият орындаса, оларды ұйым элементтері бойынша интеграцияласа, соғұрлым мотивация бағдарламасы тиімдірек болады.
Басқаруды демократизациялау, яғни ұйымды басқаруға барлық қызметкерлердің қатысуы болып табылады. Мұндай қатысу формалары әртүрлі: еңбекті үлестік төлеу; акцияға салынған ортақ ақшалық қаржылар; бірыңғай әкімшілік басқару; басқару шшімдерін коллегиалды қабылдау және т.б.
Басқару принциптерін және функцияларын жүзеге асыру әртүрлі әдістерді қолдану жолдарымен жүзеге асырылады.
Басқару әдісі – бұл ұйымның алға қойған мақсатына жетуі үшін басқарылатын объектіге әсер ету әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.
«Әдіс» сөзі – грек сөзінен шыққан (methodos), аудармасы қандай да бір мақсатқа жету тәсілі дегенді білдіреді. Басқару әдістері арқылы басқару қызметінің негізгі мазмұны жүзеге асырылады.