Орындаған: Сапарбек Ұ

бет2/3
Дата21.10.2022
өлшемі1,02 Mb.
#44675
түріӨмірбаяны
1   2   3

Шәдінің әдеби мұрасы - 100 мың жолдай өлең-жыр, осының 75 мың жолдайы ақынның көзі тірісінде түрлі қалаларда басылып шыққан. Ақын қазақ даласының Россияға қосылуын қолдап, "Россия патшалығында Романов нәсілінің хұқмырандық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырындылық заманынан бері қарай қазақ ахуалы" (1910) деген реалистік поэма жазды. Сонымен қатар А.С.Пушкин поэмаларының сюжетін де еркін аударып жырлаған ("Полтаваның соғысын Пушкиннің бәйіт қалғаны" 110 жол). Шәді ақын Қазан төңкерісін қуана қарсы алып, "Ленин" (1924), «Ұлы Октябрь» (1927) т.б. өлеңдер жазды. Совет үкіметі орнағаннан кейін жаңа тұрмысты қуана жырға қосты. Шығармаларын негізінен қара өлең, жыр, терме, назым үлгісінде болып келді.

Ақынның жасы ұлғайған кезінде хал-жағдайы ауырлай береді. Тұрмыстың ауырлығынан зергерлік кәсіппен айналысады. 1930 жылдары ауыл белсенділері Шәдіні молда деп айыптап, Марғұланға жер аудартады. 1933 жылы ақталып келген соң Ташкент жақтағы Асан Қажыпұлы дейтін жиенінің қолында тұрып, қайтыс болады. Шәді Жәңгіров қоғамдағы барлық кемшіліктің - экономикалық және мәдени мешеуліктің бірден бір себебі қазақ халқының қараңғылығынан, надандылығынан, яғни өнер-ғылымнан кенже қалғандығынан деп білді. Осындай мешеуліктен құтылудың, надандықтан арылу мен қараңғылықтан шығудың жалғыз жолы халықты ояту, мәдениетке шақыру, оған білім беру деп түсінді. Сол себепті Шәді халықты - "Заманаға саз болып, өнер-білім үйретуге" үндейді. Осы мақсатпен Россияны қазақ еліне үлгі етеді.

Яғни, Шәді ақын өз шығармаларында сол кезең үшін қоғамдық, әлеуметтік мәні зор тақырыптарды - гуманистік және ағартушылық идеяны жырлады. Халықты отырықшы ел болуға, өнер-ғылымға, жаман мінез-құлықтан аулақ болуға шақырды. Шәді шығармаларындағы гуманистік сарындар шығыстың сюжет негізінде жазған дастандар да басым. Шығыс үлгілі әдебиетінің назирагөйлік дәстүрмен жазған туындыларында ол адам бойындағы ең асыл қасиеттерді: ой-сана, ізгілікті, туған жерге деген ыстық махаббатты, сүйіспеншілікті жырлады. Адамның абзал қасиеттерін барынша мадақтады, ардақтады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет