Орындаған: Шакизат Жаннур, ТҰРлан Жайнар, Турсуналы Айгерім, Орманхан Акбота



Дата05.05.2023
өлшемі187,53 Kb.
#90705

XVIII-XIX ғ.қазақ халқының этникалық ұқсастығы мен бірлігін қалыптастырудағы қазақ мәдениетінің рөлі. Қазақ тілі және оның ұлттың мәдени кодын сақтаудағы рөлі. Қазақ мәдениетіндегі «Зар Заман» феномені. Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары: А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов,Т.Рысқұлов.

Орындаған:

Шакизат Жаннур, ТҰРлан Жайнар, Турсуналы Айгерім, Орманхан Акбота

XIII-XIX ғ. Қазақ мәдениеті

  • Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың екінші жартысы мен ХІХ ғасырдағы мәдениеті ежелгі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып қалыптасқан түрі болды.
  • Рухани мәдениеті: Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және т.б.

Қазақ тілі және оның ұлттың мәдени кодын сақтаудағы рөлі.

Ұлттық код – ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шыңдалып, парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, адамгершілік, парыз, этикет, ақыл-парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған.

  • Ұлттық кодта парыз бен әділдік қатар сомдалып, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, А. Иасауи, Абай мен Шаһкәрім, Ақымет пен Әлихан, Мағжан мен Міржақып шығармашылығы арқылы халыққа дәріптелген, астары мен арқауы мықты оралымды сөз өрнегімен, ұғынықты тілмен өрілген. Қазақтың ұлттық кодында әділдік тұжырымдамасы ежелгі дәуірден бастап жинақталып, туыстығы жоқ үлкенге деген сыйластық болып танылған. Сыйластық пен ізгілік, ізеттілік пен имандылық қазір енді этикетке айналған тұста, осы ұлттық кодты дамыта отырып, рухани мәдениетімізді жаңғыртуымыз қажет. Ұлттық кодымызда ұят категориясы бар. Бесіктен белі шықпаған баладан бастап, ұят боладыны айтып өсірген ата-ана баласын жақсылық пен жауыздықтың бөлінетінін айтып, мінезін қалыптастырады. Жауыздықпен күрес пен жақсылықты дәріптеу коды қазіргі мораль мен өнегелік категориясын дамыта түседі.

«Зар заман» феномені

  • Зар Заман – Қазақ әдебиетіндегі кезең атауы. Аталған кезең Ресей империясының отарлау саясаты салдарынан Қазақ хандығындағы бұрынғы ел басқару жүйесінің жойылып, халықтың саяси, экономикалық және рухани езгіге ұшыраған тарихи уақытты сипаттайды. Алғаш Шортанбай Қанайұлы осы кезеңнің ауыртпалықтары туралы “Зар заман” атты зарлы толғау шығарып, ол ел ішінде кең таралды. Бұдан кейін басқа да ақындар осы тақырыпқа көптеген өлең-жырлар шығарды. Оларды қазақ әдебиетінзе «Зар Заман ақындары» деп атайды.

Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғаш рет (1927) М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыр кешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырын мұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірін Абылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақ әдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардың өзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зар заман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заман ақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлері ретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді..

Қазақ зиялыларының ірі өкілдерінің негізгі идеялары: А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Т. Рысқұлов.

Тоталитаризм құрбаны болған ХХ ғасыр бас кезіндегі Қазақстандағы саяси процес лидерлері Ресей демократтарымен үзеңгілес болып, иық тірестіріп, еңбек еткен Әлихан Бөкейханов, Тұрар Рұсқұлов, Халел Досмұхамедов, Смағұл Садуақасов, Сұлтанбек Қожанов, Мұхамеджан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай, т.б. болды. ХХ ғасыр басындағы саяси процес лидерлері бүкіл қазақ халқы атынан іс-қимыл жасай отырып, отаршылдықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды.

  • ХХ ғасырдың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік процес лидерлерінің көзқарастарын тұжырымдайтындай арнайы зерттеу еңбектері жоқ. Көбінесе Алаш тарихына байланысты және сол кездегі саяси тұлғалардың шығармалар жинақтары шыққан. Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Тынышпаев, С.Сәдуақасов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Т.Рұсқұлов т.б. шығармалар жинақтары мен еңбектерінің жарық көруі біздің тәуелсіздігіміздің жемісі болып табылады.

Назарларыңызға рахмет.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет