Тақырыбы: Көркем әдебиеттен мағынасы түсініксіз сөздерді тауып, шығу төркінін анықтау Абжылан – 1) Сұрқия, залым, жексұрын, сиқырлы улы жылан. Якут тілінде абыла / абла/ алдау, арбау, сыйқырлау, бас айналдыру. Бұл сөздің түбірі ап – сиқыр, тылсым, көз байлағыштық, магиялық күш, у, еліктірушілік.
Абыз − 1) қорғаушы, күтуші, сақтаушы (кітаптарды), жадында жатқа сақтаушы; 2) құранды жатқа білетін адам (Шаман дініндегі халықтың молда, сопы, бақсы сияқты адамдарына берген аты); 3) көп əн мен өлеңді жатқа білетін адам.
Ағзам (ағызам) − 1) ұлы (діни ұғымда құдайдың теңеуі), ең зор, əулие; 2) ең үлкен, ұлық, лауазымы күшті əкім; 3) ең маңызды. Парсы тілінен ауысқан, ол тілде а зам – ұлы, ірі дегенді білдіреді (ПРС., М., 1959, 52).
Адырна – садақтың оқ салып тартатын кермесі, атылатын оқты ұшыру үшін садақтың екі басын керіп, байлаған баулық.
Аждаһа − 1) халық қиялындағы аузынан от шашатын қанатты жылан бейнесіндегі мифологиялық ұғым; 2) ауыс. озбырлық, жалмауыздық, ыртқыштықтың бейнесі.
Азаншы – діни. Азан айтып, жұртты намазға шақырушы. Село мешітінің мұнарасынан азаншының шақырған дауысы діншілерге намаз сағатының жақындап қалғанын ескертті (М. Ибрагимов). Мешіт азаншысы да, шіркеу қоңыраушысы да ашулы топқа үрейлене қарайды (Ə. Сəрсенбаев)
Ақ перен//ақ берен – сапалыболаттан істелген көне соғыс құралы /мылтық/.
Ақшом – ертедегі шомдалған түйе керуен; Ақшомшы – Ақшом керуен тартатын адам. Қаз, тырна қатарланып қайтса бермен, Астында ақшомшы жүр ол бір керуен (Абай).
Ақық – 1) агат (квартц текті асыл тас, ақық тас); 2) қызыл түсті асыл тас
Алхам (əлһам, əлхам) − діни. мақтау, Аллахқа мадақ айту. Сол уақыт незəл болып хақтан əлһам, Көрсеткен дидар нұрын иншалла! Ұмытқан қатын-бала, баққан малды, Келгесін ақ жарылқап, бақ, даража (Нұртуған).
Арулау − ардақтау, құрметтеу, дəріптеу, қасиеттеу. Бұл сөз тек «ақ жауып арулап қою» тіркесінде ғана кездеседі. Көп ұзамай хан ажалы жетіп дүниеден өтті.
Асылзада – ерте кездегі ақсүйек тұқымына жататын жоғарғы топ, артықшылығы бар қауым, үстем тап.
Атсейіс – атбегі, ат сыншысы, атты баптап бəйгеге қосатын бапкер.
Ашна – ғашықтық, құмарлық. Болмасам ашна мен сізге, Түспес ем мұндай бейнетке (Абай). Аяққап – ыдыс-аяқ салатын киізден істелген қапшық.