Орындаған: Тәуекел Салтанат



Дата17.10.2023
өлшемі16,35 Kb.
#116945
түріСабақ
Байланысты:
Тәуекел Салтанат, эссе (копия)


Орындаған: Тәуекел Салтанат
Топ: 208
21 ғасыр мұғалімінің портреті
Қыжығы мен шыжығына толы мына қилы заманда ұстаздың орны ерекше әрі өшпес екені ақиқат. Осынау өлмес мамандық өз дәстүрін бұрыннан бері жалғастырып келе жатыр. Жалпы, мұғалім деп отқанымыз кім? Мұғалім-мектептің жүрегі әрі айнасы. Мұғалімнің еңбегі ешқашан заяға кетпейтіні рас. Алдында отырған оқушыларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай, оларға тәрбие беру, өмірдің сабақтары мен қиын жақтарын үйрете білу де мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Иә, қазіргі уақытта біраз нәрсе дамығандықтан, заман талабына сәйкес оқушыларға ғана емес, қазіргі уақытта мұғалімдерге де талап қойылады. Бұл 21 ғасырдың ережесі. Ал, енді осы заманның мұғалімінің портретіне тоқталып өтсек:
-Ең әуелі мұғалім психолог бола білуі керек. Баланың жан дүниесін түсініп, мінезін ашып білуі керек.
-Екіншіден, мұғалім өз шеберлігі мен білімін жан-жақты дамыта білуі тиіс.
-Сонымен қатар, мұғалімнің лидерлік қабілетімен шығармашылық, ұйымдастырушылық қасиеттері де бірге жүруі тиіс. Егер мұғалім де осы қасиеттер болса, ол бастаған жұмыс сәтті шығады.
-АКТ құралдарын жан-жақты меңгеруі қажет. Қазіргі оқушылар заманауи технологияларға қызығатын болғандықтан, түрлі-түсті не басқа да сабақта қолданылатын құралдар баланың қызығушылығы мен қоса, ынтасын арттыра түседі.
-Түрлі қиындықтар мен сынақтарға қарсы тұрып, әртүрлі жағдайларға дайын тұрып, тәуекелшіл бола білуі міндетті.
-Сонымен қоса ең басты талап, мұғалім этика деген нәрсені дұрыс түсініп қолдана білуі. Әрбір сөзі мен ісіне сауатты әрі дұрыс жауап беріп, өзін ұстауы мықты болса-оны бүкіл мектеп те сыйлай алады.
Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы демекші, егер мұғалім өзі жақсы болса, оқушы да оны сыйлай біліп, мұғалімге жақын бола біледі. Бұл қоғамның талабы күшті болғандықтан, сол қоғамның тәттісі мен ащысына да дайындау тағы да мұғалімнің еңбегіне жататын міндеттердің бірі.
Қорытындай келе, 21 ғасыр мұғалімі тәжірибесін күнделікті шыңдай білетін іскер, шығармашыл, қазіргі информациялық технологиялармен жұмыс істей білетін, психолог-педагог, интеллегент, рухание дүниесі бай, түрлі ситуациялардан шыға алатын, өз ісінің жетік алғыр маманы бола білуі тиіс. Себебі, бұл қазіргі заманның талабы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет