Орындаған: Тәуіп Ақжүніс тфп-26группа Эстафеталық жүгіру



Дата20.07.2023
өлшемі16,99 Kb.
#104553
түріРеферат
Байланысты:
Ýñòàôåòàëû? æ?ã³ðó



Реферат


Орындаған:Тәуіп Ақжүніс
ТФП-26группа

Эстафеталық жүгіру
Эстафеталық жүгіру бірнеше адамнан құралған командалардың жүгіруі.Жеңіл атлетикада эстафеталық жүгірудің мынадай түрлері бар:
- Стадионда өтетін эстафеталық жүгіру ( 4х100м,. 4х400 м.) бұл классикалық түрі;
- кез келген қашықтыққа жүгіру және «Шведтік» эстафета, мысалы: 800+400+200+100 жүгіру немесе керісінше;
-стадионнан тыс жерде өтетін эстафета, мысалы қаланың көшелерінде, олардың ұзындығы, қатысушылары әр түрлілігімен айқындалады .<Индустриальная газета> өткізетін эстафета жатады.
Эстафеталық жүгіру техникасы
Бірінші кезеңде жүгіру аласа сөреден басталады. Эстафеталық таяқша жүгірушінің оң қолында, таяқшаны үш саусақпен қысып тұрып, үлкен сұқ саусақ сөрелік сызыққа тіреледі. Қашықтыққа жүгірудің жай жүгіру техникасынан айырмашылығы жоқ. Эстафеталық жүгірудің қиындығы жоғары жылдамдықты сақтай отырып, таяқшаны белгілеген ара қашықтықта тура беру. Таяқшаны беру аумағы 20 м. Эстафеталық таяқшаны қабылдаушы бастапқы 10 м екпінмен жүгіреді, бұл ең жоғары жылдамдыққа жетуге әсерін тигізеді. Таяқшаны берудің екі түрлі әдісі бар, олар: эстафеталық таяқшаны жоғарыдан және төменнен беру. 4х100 м жүгіруді қарастырсақ, 2 , 3 және 4- кезеңдегі жүгірушілер таяқшаны беретін аралықта мейлінше жоғары жылдамдықты үдетуге, және жоғары жылдамдықта қабылдауға, бір дегенде жүгіріп өтуге назар аударады. Көбінде 2, 3, 4-ші кезеңінде эстафеталық таяқшаны қабылдаушы жоғары стартта тұрады. Сөрелік сызыққа оң аяғын қойып, сол аяқ алда, оң қолды жолға тіреп, сол қолды артқа жоғары ұстап тұрады. Осы қалыпта тұрып жүгіруші сол иықтың үстінен келе жатқан командалық әріптесіне қарап тұрады, бірінші кезеңдегі жоғары жылдамдықпен жүгіріп қабылдау ара қашықтығына 9-10 м қалғанда, 2-ші кезеңдегі жедел жүгіруді бастайды, жолдың оң жағымен шапшаң жүгіре жӛнеледі, таяқшаны беру аралығына 2-3м қалғанда,шапшаң жүгіре жӛнеледі, 1-ші кезеңдегі қуып жетіп таяқшаны нық алақанына салады. Ең әйгілі желаяқтар осы 20м аралықта 2,0 с, ал әйелдер – 2,2 с көрсетеді. Старттан жүгірген желаяқ 30 м ара қашықтықты, ең жоғарғы жылдамдықты үдетуге дағдылануы қажет.
Эстафеталық таяқшаны беруші, қабылдайтын жүгірушіге таяған кезде «ХОП» деген дыбыс береді, осы дыбысты естісімен қабылдаушы жылдамдықты төмендетпей, жүгіру ырғағын бұзбай, сол қолды түзеткен түрде артқа созып үлкен саусағын сырт жаққа бағыттап, басқа саусақпен бұрыш жасап, таяқшаны қабылдауға дайындайды. Егер таяқшаны қабылдаушы дыбысты күтпей, бір белгілі жерге келгенде қолды артқа тастаса, жақсы нәтижеге жетер еді, бірақ мұндай таяқшаны қабылдау көп жаттығуды талап етеді. Эстафеталық таяқшаны берудің екі әдісі бар: а) астынан; б) үстінен. Эстафеталық таяқшаны беру әдісі: а)астынан; б) үстінен.
Эстафеталық жүгіру әдісін үйрену.
Эстафеталық жүгіруді үйретпестен бұрын қысқа қашықтыққа жүгіру әдісін үйретіп, сосын эстафеталық жүгіруді үйреткен дұрыс. Оқытудың басты мақсаты - дұрыс және белгіленген ара қашықтықта кідірмей тура беру болып табылады.
1-мысал. Эстафеталық жүгіру әдісін көрсету, түсінік беру тәсілдері. Эстафеталық жүгіру туралы түсінік беру. Эстафеталық таяқшаны 20 м аралық жоғарғы жылдамдықта көрсету, түсініктеме жасау. Әйгілі желаяқтардың эстафеталық таяқшаны қабылдау тактикасын кино құжаттары арқылы кӛрсету, түсіндіру.
2-мысал. Эстафеталық таяқшаны беру әдісін үйрету, тәсілдері. Эстафеталық таяқшаны төменнен беру әдісін түсіндіру. Орнында тұрып эстафеталлық таяқшаны оң қолмен беруді үйрету. Қол жүгіріп келе жатқандай қозғалыс жасайды. Қозғалыс кезінде оқытушының даусымен таяқшаны беру. Мысалы: эстафеталық таяқшаны қабылдаушыға старттан жүгіріп шығуды үйрету.
Тәсілдері: 1. Бір қолды жерге тіреп, 15-20м ара қашықтықта старттан жүгіріп шығу. 2. Бір қолды жерге тіреп ,старттан жүгіріп шығып, жеке жолдың бұрылысынан кіру. 3. Старттан жүгіріп шығып жеке тік жолмен жүгіріп, жолдың бұрлысына кіру. 4. Әдістемелік нұсқау. 2-ші және 4-ші бөлікті жүгіруші жолдың сыртқы жағымен, ал 3-ші бөлікті жолдың ішкі жағымен жүгіру дұрыс болып есептеледі. Мысалы: 4. Жоғарғы жылдамдықпен 20 м арақашықтықта эстафеталық таяқшаны беруге үйрету.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет