Жемiс-жидек дақылдарының даму, өсу және жемiс салу заңдылықтары
Өсу - жас өсiмдiктiң пайда болғаннан, алғашқы жемiс салғанға дейiнгi жетiлу мерзiмiн қамтиды. Бұл ағаш сүрегi күштi өсетiн, дiңгегi мен бiрiншi және екiншi бұтақтану тәртiбiндегi негiзгi қаңқа бұтақтардың қалыптасу кезеңi. Бөрiкбас шеттерiнде бұтақтар аса жылдам, ал ағашбөркiнiң iшкi жағында негiзiнен ұсақ та, түктi және жартылай қаңқа бұтақшалар – болашақ жемiс салу аймағы өседi. Өсiмдiк бұл кезеңде өнiпөсуiн күзге дейiн тоқтатпайды да, қысқы суыққа деген төзiмдiлiгi төмендейдi, тiптi бұтақтарының қыстыгүнi үсiп кетуi де ықтимал. Агротехника мiндеттерi: ағаштың қаңқа бөлiктерiн құру, жапырақтарының жылдам көбеюiн қамтамасыз ету, бөрiкбастың iшкi жақтарына жарықтың жақсы түсуiне жағдай жасау болып табылады. Осы шаралармен қатар ағаштың жемiс салуына дайындық та жүргiзiледi. Ол үшiн қысқарта шырпуды шектеп, бұтақтар иiледi. Сондай-ақ өнiп-өсу, 38 яғни вегетациялық кезеңiнiң соңында өсу процесiнiң дер кезiнде аяқталуына жағдай жасау қажет. Тамыр жүйесiн тереңге кетiру мақсатымен бұл кезеңде бақ қатараралықтарын қара сүдiгер жүйесiнде ұстау қажет. 2. Өсу және жемiс салу - ағаштың алғашқы тұрақсыз өнiм салғаннан, тұрақты түрде өнiм салғанға дейiнгi, өсiп-жетiлу уақытын қамтиды. Бұл кезеңде жуан бұтақтар мен негiзгi қаңқа бұтақтардың өсуi баяулап, негiзгi бөлiктегi ұсақ бұтақтардың есебiнен вегетативтiк, өскiндер саны көбейедi. Өнiмдiлiгi жылдан-жылға ұлғая бередi, жемiстер сапасы жағынан жақсарып, iрiленедi, шекiлдеуiктi тұқымдар жыл сайын жемiс салады.
Жемiс дақылдарының өсу кезеңдерi.
I-өсу; II-өсу және жемiс салу; III-жемiс салу және өсу; IV-жемiс салу; V-VI-қурау, жемiс салу және өсу; VII-қурау, өсу және жемiс салу; VIIIқурау және өсу; IX-өсу (П.Г.Шитт бойынша)
Вегетативтi көбейту
Вегетативтi көбейтудiң сан алуан әдiстерi екi топқа бөлiнедi: табиғи және жасанды Табиғи әдiсiне табиғатта кездесетiн өздiгiнен көбею әдiстерi жатады. Эволюция процессiнде негiзгi вегетативтi көбею мүшелерi - жуашықтар, тамыр-сабақтар, мұртшалар өрмелеп немесе асылып өсетiн бұтақтар т.с.с. Мысалға бүлдiргеннiң мұртшаларымен, бөрткеннiң асылып өсетiн сабақтарының ұшымен, шиенiң, алхорының, таңқурайдың т.б. атпа тамырларымен көбеюiн келтiруге болады. Жасанды әдiске қалемшелерiмен, сұламасабақтарымен, ұластыру арқылы, микроклоналды жолмен т.б. адамның араласуымен болатын көбейту тәсiлдерi жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |