Жемiс-жидек өсiмдiктерiнiң вегетативтi көбею тәсiлдерi.:
1-мұртшаларымен (бүлдiрген); 2-өзiндiк тамырларымен (таңқурай); 3-5- сұламасабақтармен: доға тәрiздес, көлденең, тiк (тұшала, қарақат, алманың, алмұрттың және басқа тұқымдардың клонды телiтушiлерi); 6- сүректелген қалемшелерiмен (қарақат, тұшала); 7-жасыл қалемшелерiмен; 8-тамыр қалемшелерiмен; 9-өсiмдiк ұлпасынан (меристемадан).
Жемiс дақылдары мен сорттары бiрдей уақытта гүлдемейдi. Ең ерте орман жаңғағы, ырғай, одан кейiн бiрiнен кейiн бiрi – бадам, өрiк, алша, шабдалы, тәттi шие, алхоры, шие, алмұрт, алма, беке, грек жаңғағы, шетен гүлдейдi. Кейбiр сорттардың гүлдей бастау аралығындағы айырмашылық 10 күндей және одан да көп болады. Фенофаза ұзақтығы жақсы гүлдеуi және де гүлдердiң ұрықтануы сорттық-тұқымдық ерекшелiктерiне және де сол сияқты климат және табиғи жағдайларға да байланысты. Гүлдеу ұзақтығы – сорттың типтiлiк белгiсi. Аз уақыт қана гүлдейтiн, яғни барлық гүлдерi дерлiк бiрдей уақытта ашылып, гүлдеп бiтетiн және де гүлдерi ұзақ уақыт гүлдейтiн де сорттар болады. Мысалы, алманың Голден Делишес сорты гүлдерiнiң жай дамитындығымен ерекшеленедi. Ол салқындау және жаңбырлы ауа райында екi аптаға дейiн және одан да көп уақыт, ал құрғақ және ыстық күндерi бiр апта iшiнде гүлдейдi. Алма мен алмұрттың гүлдеуi үшiн, ең қолайлы температура - 15-200С, шие, алша және алхоры үшiн - 10-180 ; шабдалы үшiн - 18-200С. 10-120С және одан төмен температурада шырын әлсiз бөлiнедi және де аралар сирек қонады, бұл гүлдеу және ұрықтану жағдайларын нашарлатады
Алманың гүл бүршiгiнiң даму фазалары.
1-тыныштық күйiндегi бүршiк; 2-вегетацияның басталуы; 3-бүршiк өсуiнiң басталуы; 4-бүршiктiң жарылуы; 5-гүлшоғырдың пайда болуы; 6- гүл түйiндерiнiң бөлiнуi; 7-күлтелердiң пайда болуы; 8-гүлдеудiң басталуы; 9-гүлдеу; 10-күлте жапырақшаларының түсуi; 11-жемiс түйiндерiнiң қалыптасуы; 12-тостаған жапырақшалардың шайылуы; 13-жемiс өсуi; 14-пiсiп жетiлген жемiс.
Жемiс көшеттiгi
Дұрыс ұйымдастырылған жемiс көшеттiктерi келесiдей бөлiмдерден тұруы қажет
1. Аналық-тұқымдық бақ. Бұл бақтың негiзгi мақсаты - көшеттiктiң себiндi өсiретiн бөлiмшесiнде қажеттi сапалы тұқыммен қамтамасыз ету. Бұл баққа, телiтушi ретiнде ұсынылған, жемiс өсiмдiктерiнiң табиғи (жабайы) түрлерi немесе аудандастырылған дақыл сорттарының ең төзiмдiсiн отырғызады. Тұқымды тек жоғары өнiмдi, ауру, зиянкестермен жарақат-танбаған, өнiмi мол, сапалы, аналық ағаштардан дайындайды. Бұл бақта да өндiрiстiк жемiс бақтарында жүргiзiлетiн жалпы агротехникалық тәсiлдердi қолданады, бiрақ та күту-баптау, ауру зиянкестермен күресу жолдарына көбiрек көңiл бөлiнедi. Дайындалған тұқым келешекте арнаулы себiндi бөлiм-шесiне себiледi, кейбiр жағдайларда бiрiншi танапқа да себуге болады.
2. Аналық-сорттық (қалемшелiк) бақ. Бұл бақты аудандастырылған және болашағы мол сорттардың вирустан тазартылған тiкпе көшеттерiмен отырғызады. Аналық-сорттық бақты басқа өндiрiстiк бақтардан кем дегенде 0,5 км-ден аса қашықтықта орналастыру керек. Мұндай бақты құрғанда дақылдарды жиiлетiп (4х2-1,5м аралықта), ал сорттарды толық қатарлармен отырғызады. Ағаштардың дiңгегiн аласа етiп (2-2,5 м), бөрiкбасын қалыңдатып қалыптастырады. Бiр түп алма немесе алмұрт ағашынан, орташа 40-50 дана қалемшелер дайындауға болады, ал әр қалемшеден көзсабақтау үшiн 4-5 бүршiк алынады. Мұндай бақтардың күтiмi негiзiнен аурулар мен зиянкестерге қарсы күресу, тыңайтқыштармен қоректендiру, суарудың мөлшерi, мерзiмiн сақтау бақтағы ағаштардың жылдық өркендерiнiң жақсы өсуiне жағдайлар жасау сияқты жұмыстардан тұрады.
3. Көбейту бөлiмшесi. Бұл бөлiм себiндi және клонды телiтушiлер аналығы бөлiмшесiнен тұрады. Себiндi бөлiмшесiнде телiтушiлер тұқымнан (ұрықтан) өсiрiледi. Кейiннен бұл телiтушiлер қалыптастыру бөлiмiнiң бiрiншi танабына отырғызылады. Олар осы танапта аудандастырылған сорттардың бүршiктерiмен көзсабақталады. 68 Клонды телiтушiлер аналығы - көпжылдық атпа сабақтары арқылы (вегетативтi) көбейетiн дақылдардан тұрады. Пайдалану мерзiмi, қолданылған агротехникаға байланысты, 15-20 жыл. Соңғы жылдары мұндағы телiтушiлердi 4-5 жыл аралығында мардымды түрде өсiру қолданылып жүр. 4. Қалыптастыру бөлiмшесi. Бұл бөлiм көшеттiктiң негiзгi бөлiмi болып табылады, оның алаңы отырғызу үшiн алынатын тiкпе көшеттiктiң тапсырмасына тiкелей байланысты. Бұл бөлiмшеде тамыры өзiндiк көшеттер өсiрiледi. Мұнда бүлдiргендер мен құлпынайдың мұртшалары, таңқурайдың атпа сабақтары жетiлдiрiледi және қарақат пен тұшаланың қалемшелерiн тамырландырады. Осымен қатар негiзiнен ұластырылған тiкпе көшеттер өсiрiледi. Бұл бөлiмшенiң құрамы өсiрiлетiн тiкпе көшеттердiң жасына байланысты 1-3 танаптан тұрады. Жемiс көшеттiгiн ұйымдастыру үшiн табиғи-климаттық, топырақтық, экономикалық жағдайларды мұқият зерттей отырып учаскенi таңдайды. Ретiне қарай көшеттiк өзi қамтитын аймақтың орталығында орналасқаны дұрыс. маусымда ыңғайлы болуға тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |