ҚОРЫТЫНДЫ
Қарқынды жеміс-жидек шаруашылығының одан әрі дамуы және халықты дәрумені мол өніммен қамтамасыздандыру үшін сұрыптарды, олардың өсірілетін жердің топырақ-климат жағдайына қарай, биологиялық және шаруашылық ерекшеліктерін ескеріп дұрыс арақатынасын ескеріп таңдаудың маңызы өте зор. Қазақстан аумағында жеміс-жидек шаруашылығының өнімділігін арттырудың көзі болып жемістерінің, жидектерінің биохимиялық құрамы жақсы, жоғары өнімді, суыққа (қысқа) және ауруларға төзімді сұрыптарды таңдау саналады. Ірі жемісті орал және сібір сұрыптарын өсіру үлкен маңызға ие. Зиянкестерге күресу шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін олардың түр құрамын, биологиясын, олардың көбеюіне әсер ететін жағдайларды, мониторингті дұрыс жүргізуді білу қажет. Олардың таралуы және белгілі бір өсімдіктерінде зиянкестердің бірнеше түрлерінің шоғырланып қалыптасуы – қоршаған ортаның өзгеру жағдайымен, зиянкестер түрлерінің сол ортаға бейімділігімен тікелей байланысты. Қоршаған орта факторларының үйлесімділігі (жылылығы, ылғалдылығы, жауын-шашыны, жыртқыштары, тоғышарлары) көптеген зиянкестердің көбеюіне әкеліп соқтырады.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Аяпов К.Ж., Капитова Г.А., Мажитова Р.С. Жеміс шаруашылығы. Сөздік-Словарь, Алматы, 200
2. Аяпов К.Д. Жеміс және жидек шаруашылығы. Кайнар, Алматы, 1993
3. Безуглова О.С., Гавриш В.Ф., Должков Д.С., Еремин Г.В., Еремин В.Г., Забродин С.Н. Справочник садовода. Ростов на Дону «Феникс.
4. Драгавцев А.П., Трусевич Г.В. Южное плодоводство. М.: Колос, 1970.
5. Казахстан в цифрах, 2001. Агенство по статистике, Алматы 2001 г.
Достарыңызбен бөлісу: |