Орындаған: Торабай Аяжан


Халықтың қартаюы және демографиялық көрсеткіштер



бет4/6
Дата09.05.2023
өлшемі38,23 Kb.
#91135
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Аяжан (2)

Халықтың қартаюы және демографиялық көрсеткіштер.
«Демография » термині гректің demos –халық, тұрын, grapho – жазу, суреттеу сөздерінен шыққан. Сондықтан, демография- бұл тұрғындар туралы ғылым. Демографияның негізгі мәселелеріне халықтың жергілікті орналасу процестері мен тенденциялары, халықтың әлеуметтік – экономикалық өмір сүру жағдайлары, салт-дәстүрлері, экологиялық, медициналық құқықтары мен басқа факторлары кіреді. Өмір сүру жағдайлары ұқсас сол немесе басқа елдердің немесе сол территория бөлігі(облыс, аймақ, аудан, қала), мемлекет тобы, бүкіл әлем халқының жиынтығын құрайды(ел тұрғындары). Халықтың ең басты мәселесі-оның денсаулық жағдайы болып табылады.
Жалпы демография(экономикалық) және әләуметтік медицинадан медициналық демография ғылымы бөлініп шықты. Медициналық демография ғылымының атақты маманы профессор М.С. Бедный(1984) жазды: «Медициналық демография бұл-адамның денсаулығына және оның өзгеру тенденцияларына әсер ететін сапалық аспектілері, яғни адам популяциясының әлеуметтік және табиғи факторларымен қарым-қатынасын оқытатын ғылым».
Тұрғындарды статистикалық оқыту екі басты бағытта жүргізіледі:

  1. Тұрғындар статикасы.

  2. тұрғындар динамикасы.

Тұрғындар статикасы дегеніміз-белгілі уақыт аралығындағы тұрғындардың сандық құрамы. Тұрғындар құрамы негізгі белгілермен анықталады:жынысы, жасы, әлеуметтік тобы, мамандығы және оқуы, жанұялық жағдайы, ұлты, тілі, мәдениетілігі,сауаттылығы, білімділігі, мекен етуі, географиялық таралуы және тұрғындар тығыздығы.
Тұрғындар динамикасы дегеніміз – тұрғындардың қозғалысы мен санының өзгерісі. Халықтың сандық өзгерісі миграция процестерінің әсерінен, механикалық қозғалыстан болады. Сонымен бірге халық саны туылу мен өлімнің нәтижесінде өзгереді. Барлық елдерде нәрестелер өлемін бөлек қарастарады. (Бір жасқа дейінгі балалар өлімі) Табиғи қозғалыстың негізгі көрсеткіші ретінде келесілер қолданылады: түсік тастау,аналар өлімі,перинатальді өлім,әр түрлі жағдайлар бойынша өлім құрылымы және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет